Туризм • 20 Қараша, 2020
«Жанды сабақтар» жобасы қолға алынды
Ресейде 2015 жылы іске асырылған «Жанды сабақтар» («Живые уроки») жобасына ұқсас жобаны Қазақстанда іске асыруды туроператорлар 2018 жылдан бері ұсынып келген-ді. Алайда бұл жоба тек биыл ғана қолдау тауып, 2020 жылдың сәуір айында «Атамекен» ҰКП және Kazakh Tourism арасында Туризмді дамыту жөніндегі жол картасына қол қойылды.
Туризм • 20 Қараша, 2020
«Эко-Сергек» табиғатты қорғауға септеседі
Алматыда «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экотуризмді дамыту мақсатында құрылған Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Басқосу барысында парк аумағындағы қалдықтарды бөліп жинау алаңдары таныстырылды.
Туризм • 20 Қараша, 2020
Алматы туристер қаласына айнала ма?
Алматының тұмса табиғаты кез келген шетелдікті өзіне баурап алуға қауқарлы. Ол үшін туризмнің тынысын ашып, арнасын кеңейту қажет. Бұл ретте қызмет көрсету сапасын заманауи стандарттар деңгейіне көтеріп, ақпараттық насихат жұмыстарын бір жүйеге келтірудің маңызы зор. Алатау баурайындағы әсем шаһардың бүгінгі туристік әлеуеті туралы жауапты мамандар не дейді?
Ең қысқа әңгіме • 20 Қараша, 2020
Қырандар хикаясы (этнографиялық этюдтар)
Халқымыздың ежелден келе жатқан бір өнері – құсбегілік. 1253-1255 жылдары қазіргі қазақ даласын көктей өтіп, шығысқа сапар шеккен еуропалық саяхатшы Гильом де Рубруктің күнделік жазбасында: «Көшпенділер бүркіт, сұңқар сияқты аңшы құстарды көп ұстайды. Оларды қолдарына отырғызып аң аулайды» десе, итальялық жиһанкез Марко Поло жазыпты: «Ұлы ханның (Құбылайды айтады) Баян және Минған атты ағайынды бектері бар. Халық оларды «Құсбегі» деп атайды. Себебі, олар ханның қол астындағы 20 мың құсбегілер мен аңшыларды басқарады. Минған басқарған 10 мың адам қызыл түсті киім киіп, Баян бастаған 10 мың адам көк түсті киім киіп, ханмен бірге саятқа шығады. 10 мыңдықтың 2 мыңы аңшы иттерді жетектеп жүреді. Екіге бөлінген аңшы-құсшылар күншілік жерден шеңбер жасап аң-құстарды қыспаққа түсіреді. Дәл осы сәтті көру керемет тамаша әсер береді» дейді. Көптеген этнограф зерттеушілер саятшылық Орталық Азияда пайда болып, кейін әлемнің басқа жерлеріне тараған дейді. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан жеріндегі «Шілікті» қорғанынан: басы артына қайырылған шеңгелі мен көзі перуза тастармен көркемделген 36 дана бүркіт тәрізді құстың құйма қапсырмасы табылса, Өскемен қаласының маңынан табылған Құрық қорғанынан (б.д.д ІV-ІІ ғ.ғ) мәйітпен бірге жерленген төрт бүркіттің қаңқасы шықты. Сол сияқты, ХVІ ғасырдың соңында қабылданған «Жеті жарғы» жорасында: «Қыран құсты өлтірген адам олардың иесіне бір құл немесе күңнің құнын төлесін» деген бап бар. Осы орайда, ел ішінде айтылып, бүгінге жеткен қыран құстар жайлы хикаяларды ұсынып отырмыз.
Өнер • 20 Қараша, 2020
Шын талант тұсаулап ұстауға көнбейді деген рас. Сексеннің сеңгірінен әлдеқашан асып кеткеніне қарамастан, классикалық өнердің аңызына айналған Болат Аюханов алматылықтарды «Аиданың» премьерасын тамашалауға шақырып жатыр. Осыдан жеті жыл бұрын 75 жасында сахнада билеп, балет үшін туатын нағыз біртуарлардың уақыт үстемдігіне бағынбайтынын, сыны мен сымбатының еш бұзылмайтынын бір дәлелдеген еді.