Қоғам • 20 Қараша, 2020
Жеті жыл бұрын «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы қабылданып, солтүстік пен шығыстағы «жұмыс күшін қажет ететін» аймақтарға азаматтарды қоныстандыру қолға алынған. Тәуір-тәуір уәделері де бар: үймен, жермен қамтиды, отбасының әр мүшесіне бір реттік жәрдемақы береді, балалары мектеп пен балабақшаға кезексіз қабылданады, тағысын тағы. Осы орайда жылы орнын суытып солтүстікке көшіп барған кейіпкерлермен пікірлескен едік. Бірінің айы оңынан туса, бірі әлі мемлекет ұсынған игіліктерді ала алмай шерменде болып жүр.
Спорт • 20 Қараша, 2020
Алматыда ел чемпионаты басталды
Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының жалауы желбіреді. Бір аптаға созылатын жарыс барысында көрермендер нағыз «жан алысып, жан беріскен» айқастардың куәсі болатынына күмәніміз жоқ. Өйткені бүгінгі таңда грек-рим мен еркін күресте барлық салмақ дәрежелері бойынша мықты бәсекелестік байқалып тұр. Оның үстіне, келесі жылы Токио Олимпиадасының алауы тұтанады. Ғаламдық додада бақ сынауды армандаған әр балуанның Алматы бозкілемінде барын салатыны анық. Бүгінгі әңгімеміз еркін күрес шеберлері жайында.
Оқиға • 20 Қараша, 2020
Көпшілікке қызмет көрсетіп, кассада отырған қыз ақша санаудан басқаға алаңсыз еді. «Кезекті келуші күш көрсетіп, бар ақшаны алып кетеді» деген ой мүлде келмегені және анық. Кассаға келген жігіт 20 мың теңгесін ұсақтап беруді сұрайды. Күнделікті кездесетін жайт, алаңсыз ақшасын ұсақтап берген. Осы сәтте жас жігіт келушілердің жоқтығын пайдаланып, кассада отырған қыздың 170 мың теңгесін тартып алып, қашып кеткен.
Қоғам • 20 Қараша, 2020
Дәм-тұзы қалың қазақ арасынан бұйырған, жергілікті ұлттың тілі мен мазмұнды салт-дәстүрін, әдемі әдет-ғұрпын жетік білетін Татьяна Узденованың сөздің нәшін келтіріп, мақалдап-мәтелдеп сөйлегеніне таңғалғанбыз. Сөйтсек, тілі ғана емес, рухы, жан-дүниесі де қазақы қалыптағы жан екен.
Қоғам • 20 Қараша, 2020
Он жылда 12 пайыз ғана өсеміз бе?
Қуатты мемлекеттің даму даңғылын даралайтын ең негізгі фактор – халық санының өсімі. Алайда жер көлемі бойынша дүние жүзінде тоғызыншы орынға тұрақтаған еліміздің демография мәселесінде діттеген межеге әлі жете алмай келе жатқаны алаңдатады.