Аймақтар • 20 Қараша, 2020
Жамбыл облысында 359,3 мың адам дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл тұрғындардың 31,7 пайызы. Биыл аталған салада 120 жоба іске асырылып, нәтижесінде спортпен шұғылданушылар саны 10 460-қа жетеді деп күтілуде.
Қоғам • 20 Қараша, 2020
Әлеуметтік көмектің әлеуеті мол
Семей қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында бірқатар атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр.
Туризм • 20 Қараша, 2020
Өндірістік өңірде туризм де дамыған
Риддер – өндірістік қала ғана емес, Батыс Алтайдың бөктеріндегі туризмді дамытуға қолайлы өңірлердің бірі. Облыс орталығына таяу жатқандықтан қысы-жазы туристер көп ағылады мұнда. Саяхатшылар жаздай тау-тасын араласа, қыста шаңғы тебу үшін өңірді бетке алады.
Аймақтар • 20 Қараша, 2020
Шекарадағы шепке шын жанашырлық керек
Екі ортаны тікенекті сым бөліп тұрғаны болмаса, Марқакөлден дүрбі салсаң, Қытайдың қызыл шатырлы ғимараттары ап-анық көрінеді. Олар да арғы беттен біздің жақтағы терезелері үңірейген жадау үйлерге қызыға-қызғана қарайтын шығар бәлкім. Кейде «көк шалғынды жон-жайлауым анау, мөлдіреген көлім мынау» деп лепіре мақтанғанымызбен, шекара шебіндегі ел сиреп кеткен бүгінде. Шамдансақ та шындық сол.
Руханият • 20 Қараша, 2020
Табынамын жүрегіне қазақтың...
Ғасырлар бойы халқымызбен біте қайнап, бірге жасасып келе жатқан өнердің көне түрі – айтыс. Оның ауқымы кең, мән-мағынасы тереңде жатыр. Ру мен рудың арасын ғана емес, тіпті бүкіл ел мен елдің арасын татуластыра алатын, тіпті жауластырам десе, жауластырып жіберетіндей тегеурінді, ықпалы зор өнер. Айтыс өнерінің құдыреттілігі де, өміршеңдігі де сонда.