Қоғам • 20 Қараша, 2020
Жастар ұйымдары қалай қаржыландырылады?
Үкіметтік емес ұйымдар бұқара мен билік арасындағы көпір іспеттес. Бүгінде көптеген өзекті мәселені көпшілік назарына ұсынып, талқыға салып жүрген де үкіметтік емес ұйымдар. Алайда азаматтық қоғамның бұл институты әзірге тек аралық көпір функциясын атқарып келеді. Әсіресе жастар ұйымдарының флешмоб пен акциялардан қолы босамайды. Жалпы, жастар ұйымдары қалай қаржыландырылады?
Қоғам • 20 Қараша, 2020
Өмір болған соң сан түрлі тағдыр, алуан түрлі оқиға болады. Күні кеше айрылмастай болып қосылған жандардың уақыт өте келе көңілі жараспай, арманы ұштаспай ажырасып жататындары жанға батады. Басқасы басқа, мұндай кезде жаутаңдап қалған жазықсыз баланы аяйсың. Себебі, барын баласына шашып үйренген адамдардың өзі ажырасқан соң жауапкершіліктен жалтарып, алимент төлеуден бұлтарып жататыны бар.
Руханият • 20 Қараша, 2020
Америкалық әйгілі иллюзионист, актер Гарри Гудиниді білмейтін адам кемде-кем. Сиқыршылықтың сырын жетік білетін оның өнеріне бүкіл әлем әлі күнге дейін таңдай қағады. Тарихқа терең үңілсек, 1903 жылы жазда Мәскеуде Эрмитаж жазғы бағының ашық сахнасында Гудини тұтқындардың арбасына әдейі қамалып, одан көпшілік алдында адам сенбес әрекеттермен ешкім аша алмайтын құлыпқа кілт тауып, босап шығыпты.
Тарих • 20 Қараша, 2020
Қалбаны қалмақтан қорғаған ерлер
Қонақ бөлмесінің қабырғасында атқа қонған найзалы батырдың майлы бояумен жазылған суретіне үңіле қарап: – Сізге ұқсайды екен, атаңыз ба? – деймін ғой. – Батыр бабамыз. Ерлігі тарихта қайталанбаған. Үлкен бір шайқаста бес қалмақпен айқасып, бәрін баудай түсіріпті. Естуімізше, осы Самар, Қалба өңірлерінде өмір сүрген, – деп Самархан Жотабаев тарихтан тартып әңгімесін бастаған.
Руханият • 20 Қараша, 2020
Платон данышпан: «Игіліктің төрт түрі бар», – деген екен. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Осы қағиданың біз бүгін тек біреуіне ғана, яғни әдептілік жайына тоқталғымыз келіп отыр. Оған себеп, кейінгі кезде жақсы мен жаманның аражігін ажыратпай, мәселенің ақ-қарасын білмей тұрып, біреуді сырттай сыдырта сөге сөйлеу, сынап-мінеу, нәпсінің азғыруына еріп, жалған, лепірме, бос сөзге ерік беру секілді халықтық қалыбымыз бен қазақы әдебімізбен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жат құбылыстар тым белең алып барады.