Руханият • 20 Қараша, 2020
«Бір үйде жиюлы екен қазына мал»
Қазақ халқының музыкалық аспаптарының шығу тарихын ғалымдар сонау ықылым замандардан, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің тарихи зерттеу-жазбаларынан бастау алатынын алға тартады. Уақыт өте келе ұлттық қазынаның жандануына Шоқан Уәлиханов, Ахмет Жұбанов, Әлкей Марғұлан, Өзбекәлі Жәнібеков секілді тағы да басқа танымал ұлт зиялылары атсалысса, халқымыздың көне музыкалық аспаптары мен дәстүрлі қазақ музыка мәдениетінің кейінгі қайта даму кезеңі Болат Сарыбаев есімімен тығыз байланысты. Аспаптанушы ғалымдардың зерттеу еңбектеріне жүгінсек, музыкалық жауһарлар алғаш өнер туындысы ретінде емес, тұрмыстық деңгейде қолданылатын құрал, бұйым тұрпатында пайда болғаны мәлім. Үрлеп ойналатын және ұрып ойналатын аспаптар атының тіпті көне зерттеулер мен Батырлар жырында жиі ұшырасуы халық өнері қорының тамыры тереңде жатқандығын, музыкалық аспаптардың қазақ даласында сан алуан түрі болғанын айғақтай түседі. Төменде Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің жетекшісі Рүстем ҚАЙРАТҰЛЫ рухани байлығымызға баланған осынау құнды жәдігерлерді сақтап, зерттеудің маңызы мен болашағы туралы баяндайды.
Елбасы • 20 Қараша, 2020
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлады Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі.
Президент • 20 Қараша, 2020
Су қауіпсіздігін зерттеу маңызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Әдебиет • 20 Қараша, 2020
Венеция сардары, әмір машкері, мавр, көнтек ерінді, кең көңілді, батырдай аңғал, шайырдай шерлі Отеллоның қасіреті, махаббат тарихы, міне, бес ғасыр бойы әлі жырланып, жас жүректерді жұлқи тартып, талай зерттеу мен зерделеуге дән болып келеді. Әуелде, он бесінші ғасырда, Джиральди Чантионың новелласында айтылған оқиға Шекспирдің құдіретті қаламына ілігіп, бес актілі трагедияға айналды. 1604 жылы алғаш патша сарайы театрында сахналанды.
Саясат • 20 Қараша, 2020
«Ауыл» додаға қатысуға құжаттарын тапсырды
Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 87 және 89-баптарына сәйкес, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарын тапсырды.