Елбасы • 20 Қараша, 2020

Бірқатар тапсырма берді

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қауіпсіздік Кеңесінің Төр­ағасы Нұрсұлтан Назар­баев Президенттің көмек­шісі – Қауіпсіздік Кеңесі­нің хатшысы Әсет Исеке­шевті қабылдады, деп ха­барлады Тұңғыш Пре­зи­денттің баспасөз қыз­меті.

Бірқатар тапсырма берді

Кездесуде Нұрсұлтан Назар­баев күрделі эпидемиялық ахуал, әлемдік экономикалық дағдарыс пен аймақтық сын-қатерлер жағ­дайында  ұлттық қауіпсіздік жүйе­сінің қызметін үйлестіруді күшейту қажеттігін атап өтті.

Ә.Исекешев Елбасына Қауіп­сіздік Кеңесі аппаратының ұлттық қауіпсіздіктің, оның ішінде эко­но­ми­калық, ақпараттық және әс­кери қауіпсіздіктің негізгі бағыт­тары бойынша жүргізіп жат­қан жұмыстары туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңе­сінің хатшысы құқық қор­ғау жүйесін одан әрі дамыту және елдегі қылмыс дең­гей­ін төмендету бағытында қабыл­данып жатқан шаралар туралы баяндады.

Сонымен бірге Ә.Исекешев Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйы­мы және Тәуелсіз мемлекет­тер достастығына мүше елдер­дің Қауіпсіздік Кеңестері хатшы­ларының кездесулерінің нәтижелері туралы айтып берді. Аталған іс-шаралар аясында өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, терроризмге, есірт­кі­нің заңсыз айналымына, кибер­қауіпсіздік саласындағы қатер­лерге қарсы күресті күшейту шаралары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бо­йынша Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздікті қам­тамасыз етудің негізгі мәсе­лелері бойынша бірқатар тапсырма берді.