Саясат • 20 Қараша, 2020

«Ауыл» додаға қатысуға құжаттарын тапсырды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 87 және 89-баптарына сәйкес, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарын тапсырды.

«Ауыл» додаға қатысуға құжаттарын тапсырды

Құжаттардың қатарында саяси партияның жоғарғы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме; партия өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат; партиялық тізім; азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші; тізімге енгізілген әрбір кандидаттың өмірбаяндық деректері; партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың жеке куәліктерінің көшірмелері; уәкілетті адам қол қойған және сая­си партияның мөрімен расталған саяси партияға мүшелігін растайтын құжаттар; саяси партияның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі; партияның Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат; кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы бар.

Орталық сайлау комиссиясы Партиялық тізімдерге енгізілген Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутат­тығына кандидаттардың Консти­туцияда және «Қазақстан Респуб­ли­касындағы сайлау туралы» Конс­титуциялық Заңында  қойылатын талаптарға сәйкес­тігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде анықтайды.

Парламент Мәжілісінің депутат­тарын сайлау жөніндегі күн­тізбелік жоспарға сәйкес партиялық тізімдерді ұсынуды саяси партиялар ағымдағы жылғы 10-30 қараша аралығында (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырады. Партиялық тізімдерді тіркеу ағымдағы жылғы 10 қарашада басталып, 10 желтоқсанда сағат 18.00-де аяқталады.