Президент • 20 Қараша, 2020

Су қауіпсіздігін зерттеу маңызды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Су қауіпсіздігін зерттеу маңызды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғы­лыми орталықтың негізгі ба­ғыт­тары мен оны дамытудың ба­сым­дықтары жайында баяндалды.

Ахметқал Медеу Президентке институттың су қауіпсіздігін, табиғи қатерлерді, экология мен картография бағыттарындағы зерттеу жұмыстары туралы мәлі­мет берді.

Мемлекет басшысы Арал теңізі, Сырдария және Жайық өзендері, сондай-ақ басқа да бірқатар су қоймасына қа­тысты проблемаларды шешу жолында су қауіпсіздігін зерттеу мәселесінің маңызды екенін айт­ты.