Экономика • 29 Қараша, 2021
Ауылға салынған инвестиция қысқарды
Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпке бұрынғыдай аста-төк инвестиция құю қазір азайған. Биыл 9 айдағы көрсеткішті зерделер болсақ осыған көз жеткіземіз. Қаңтардан қыркүйекке дейінгі аралықта ауылдық жерлердегі негізгі капиталға 3,9 трлн теңге инвестиция салыныпты. Бұл бір жыл бұрынғы деректен 12,4 пайызға төмен.
Аймақтар • 29 Қараша, 2021
Қызылжарда қазақ драма театры тұңғыш рет 1935 жылы ашылып, республикадағы алғашқы сауық орындарының бірі болған еді. Ол кездегі халық бала-шағасына дейін шұбырып барып, ойынды қызықтайды екен. Алайда олардың өнерге деген сусауы қанбады. Кеңес өкіметі театрды 1938 жылы толықтай жауып, барлық труппасын тұтастай сол кездегі Гурьев, қазіргі Атырау қаласына көшіріп жіберген. Сылтаулары – «Петропавлда қазақтың саны аз, аз халыққа театр керек емес» болған. Осының өзі қуғын-сүргіннің адамдарға ғана қатысты емес, халықтың өнеріне, тіліне, әдебиетіне, тарихына да қатысты болғанының бір көрінісі.
Аймақтар • 29 Қараша, 2021
Құрбандарды ақтау мәселесі ғылыми тұрғыда зерделенді
Қызылордада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссия отырысы өтті. Жиынға өңірлік комиссия мүшелері, облыстық жұмысшы тобы мамандарымен қатар қала және аудандық жұмысшы топ өкілдері онлайн режімде қатысты.
Әлем • 29 Қараша, 2021
Тағайындалысымен отставкаға кетті
Швеция тарихындағы алғашқы әйел премьер-министр болып тағайындалғаннан соң бірнеше сағат өткеннен кейін отставкаға кетті.
Әлем • 29 Қараша, 2021
Сомалиде БҰҰ көлігіне шабуыл жасалды
Сомалиде Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік көлігінің (конвойының) жарылуы салдарынан кем дегенде 8 адам қаза тауып, 17 адам жарақат алды.