Қоғам • 12 Қараша, 2019
Халық бірлігін нығайтудағы үлесі зор
Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қазақстандағы әзербайжан этносының мәдениеті және салт-дәстүріне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Қоғам • 12 Қараша, 2019
Балалардың дұрыс тамақтанбауына кім кінәлі?
Әлемде бес жасқа дейінгі әрбір үшінші бала жеткілікті мөлшерде тамақтанбайды. Қазақстанда артық салмағы бар және семіздікке шалдыққан балалардың саны өсуде. Бұл туралы ақпарат ЮНИСЕФ-тің «Әлемдегі балалардың жағдайы 2019: балалар, азық-түлік пен тамақтану» жөніндегі жаңа баяндамасында жарияланды.
Медицина • 12 Қараша, 2019
ЖИТС-ке қарсы іс-шаралар өтеді
Елордада 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке (СПИД) қарсы күрес кампаниясы аясында іс-шаралар өтеді. Науқан туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, «Жария», «Болашаққа қадам», «Human Health Institute» және «Жизнь вопреки» үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Руханият • 12 Қараша, 2019
Семейдегі 60 жылдан астам тарихы бар М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің тұңғыш директоры, қобызшы Пернебек Момынов салған сара жолды композитор Теміржан Базарбаев, дирижер Мырзағали Айдаболов, күйші Қадыр Досымжанов, күміс көмей әншілер Дауыл Хайруллин, Роза Рымбаева, қобызшылар Еділман Жәбелов, Күлзия Әлмейінова, Оразғали Сейітқазы, скрипкашы Рахымғали Мыржықбаев сияқты т.б. сандаған саңлақтар жалғастырып, есімдері училище тарихында алтын әріптермен жазылып қалды. Алматы консерваториясының алғашқы түлегі, Халық әртісі, күйші Қали Жантілеуовтің шәкірті Құрманғали Рахимов ағамыз да училище ашылған сәттен бастап өмірінің соңына дейін (1980 ж.) шәкірт тәрбиелеумен айналысты.
Руханият • 12 Қараша, 2019
Назарбаев Университет студенттері бірыңғай жаратылыстану бағытында білім алатындықтарына қарамастан, ән мен күй, жалпы дәстүрлі өнерге де барынша бейім екендіктерін көрсетіп, көрерменіне тамаша тарту жасады. Өткен жұмада Назарбаев Университеттің Ballroom Right залында өткен қазақтың ұлы ақыны, жазушы, драматург, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Ақын және оның музасы» атты әдеби-театрландырылған кеште жарқырай көрінген талантты жастар өнері соған дәлел.