Жұмыс • 15 Қараша, 2024
Электронды еңбек биржасындағы ақпаратқа көз жүгіртсек, қазан айында жұмыс берушілер 123,7 мың бос жұмыс орнын ұсынған. Сондай-ақ 106 мың жұмыс іздеуші өзінің түйіндемесін орналастырыпты. Осы деректерді алдыңғы аймен салыстырғанда іздеу, жалдау белсенділігі төмендегені байқалады. Нақтырақ айтсақ, бос жұмыс орындарының саны 9%-ға (13 мың), түйіндеме 13%-ға (16,5 мың) азайған.
Қоғам • 15 Қараша, 2024
Көпбалалы аналар қолдауға зәру
Мемлекеттің басты байлығы адам капиталы екенін ескерсек, осы бағытты нығайтып отырған көпбалалы аналарға қандай қамқорлық жасасақ та артық емес. Осы орайда жергілікті жауапты орындардың көпбалалы аналарға қатысты кез келген мәселеге байыппен қарауды назардан тыс қалдырғаны қынжылтады.
Қоғам • 15 Қараша, 2024
Әлем әлеуметтік қорғауға мұқтаж
Әмбебап әлеуметтік қорғау әділ қоғам мен тұрақты экономиканы құруға, жұмыс орындарын қайта құрылымдау мен халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге зор үлес қосады. Бұл жерде Халықаралық еңбек ұйымы жаһандық Орнықты даму мақсаттарының орындалу сипатын сарапқа салып, әлеуметтік қорғаудың климаттық өзгеріске бейімделу саясатымен үйлесіміне баса назар аударды.
Басылым • 15 Қараша, 2024
«Қожа» француз тілінде қайта басылады
Бердібек Соқпақбаевтың ЮНЕСКО деңгейінде тойланып жатқан 100 жылдық мерейтойы аясында «Менің атым – Қожа» хикаяты француз тіліне аударылып, Париж қаласында тұсаукесері өтті. Сол іс-шараға арнайы делегат ретінде қатысып қайтқан сапарымызда бізді «Аталған кітапты француз тілінде сөйлеткен Ив Готье (Yves Gauthier) кім? «Менің атым – Қожа» Францияның кітап дүкендерінде сатылымда бар ма?» деген сауал мазалады.
Теңге • 15 Қараша, 2024
Теңге – тек ақша емес, төл тарихымызды танытудың үлгісіне айналуы керек. Бүгінде қазақ елінің ақша жасау өндірісінде коллекциялық монеталарға басымдық берілген. Әлгіндей монеталардың бір бөлігі тарихи тұлғаларымыз бен ұлттық салт-дәстүрімізге арналып отыр.