Тарих • 28 Қараша, 2023
Бұл 1940 жылы бүкіл ел болып кеңестік Қазақстанның 20 жылдығын мерекелеуге дайындалып жатқан шақ еді. Мәскеулік және қазақ кинодокументалистері «Қазақстан» атты фильмді түсіруге кіріскен. Біз сол кезде 93 жастағы Жамбылмен кездеспек болдық. Бұл жөнінде алдын ала келісілмеген болса да, біз – кино түсірушілер тобы және оған қатысатын ақындар, ойынға деген қоян, түлкі, тіпті қасқырлары, бүркіттері бар аңшылар, бәріміз түн ішінде Алматыдан тартып кеттік. Жамбылдың тұратын ауылы 80 километр қашықтықта екен.
Мирас • 28 Қараша, 2023
Бүгінгі технократия дәуірінің жеткіншектері көркем шығармаларды көз майын тауыса оқиды дей алмассыз. Жаңа буын жас ұрпақты рухани тәрбиеге баулудың бір тетігі – олардың бойына ана тілдің қадір-қасиетін сіңіру. Алматыдағы республикалық Абай мектебінде дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Ділмар» шешендік өнер байқауы – жас ұрпақтың жаңа сапасын қалыптастыруға серпін беретін бірегей жоба.
Театр • 28 Қараша, 2023
Биапа театры – түрікмен төрінде
Өңірлік театрлардың ішінде көзге түсіп жүрген Б.Римова атындағы Талдықорған театры – көрерменнің көңілін таба білген өнер ұжымы. Театр жаңа премьералармен қуантып жатыр. Жақында Түрікменстанда өткен халықаралық байқаудан да жүлделі оралды.
Қоғам • 28 Қараша, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасында қазақ спорт журналистикасының негізін қалаған көрнекті қаламгер Сейдахмет Бердіқұловтың 90 жылдығына арналған «Қазіргі қазақ спорт журналистикасы және медиакоммуникация мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында қаламгердің құрметіне спорт журналистерінің аудиториясы ашылды.
Қоғам • 28 Қараша, 2023
Ұлт әдебиетінің үздік шығармалары
Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Абай баспасынан» жарық көрген 35 кітаптың тұсауы кесілді. Оқырманға жаңа леппен жол тартқан бірегей серияда әдебиетіміздің шамшырағына айналған айтулы ақын-жазушылардың іргелі шығармаларынан бастап, белгілі жас авторлардың еңбектері де қамтылған. Бұл туындылардың ішіне оңайлықпен қолға түсе бермейтін, іздегенге таптырмас академиялық зерттеу еңбектері де еніп отыр.