Қоғам • 11 Қараша, 2019
Қазақстанда алғаш рет жарияланған Жастар жылының аяқталуына екі ай уақыт қалды. Бұл тарихи бастаманы қолдау мақсатында мемлекет тарапынан жас ұрпақтың өмірін жақсарту бағытында түрлі шаралар қабылданды. Кез келген қоғамда жас азаматты, ең алдымен, білім беру мен әлеуметтік мәселелер толғандырары сөзсіз. Соның ішінде мемлекеттік грантқа ие болу мен жатақхана тақырыбы бірде-бір студентті айналып өтпейді. Сонымен Жастар жылында осы бағытта қандай жұмыстар атқарылды?
Қоғам • 11 Қараша, 2019
Азаматтық қоғамды дамытуда рөлі зор
Бүгінгі күні Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясаты бірқатар жетістіктермен сипатталады. Елде мемлекеттік жастар саясатының нормативті-құқықтық институционалды және ғылыми-әдістемелік қамсыздандыру дамуының негіздері қаланған. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты» Заңы бар, 2020 жылға дейінгі «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы іске асырылуда, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.
Әдебиет • 11 Қараша, 2019
Қарашаның алақанат алғашқы қары ақын жанының аппақ әлеміндей жапалақтай жауды. Бір сәтке ұшқындай барып қара жерді қапсыра құшқан мамық ұлпа мақпал сезімдерді селт еткізгендей сәнді көрінеді. Алайда, алабұртқан көңіл терезесінен самарқау көшелерге ұзақ қарап тұрып әлдебіреуді қатты сағынғандай боласың. Ішкі аңсарыңды оятқан бейуақ сезімге бірдеңе дегің келеді. Бірақ оны кім түсінгендей...
Кино • 11 Қараша, 2019
Әдебиет • 11 Қараша, 2019
Осындай атпен жазылған бұл мақаланың авторы – Есхан Есетов 1945 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінің (қазіргі «Egemen Qazaqstan») Қостанай облысы бойынша меншікті тілшісі болып қызмет істеген. Ал 1945-1959 жылдары аралығында аталмыш газеттің Алматы облысы бойынша тілшісі, кейіннен осы газет редакциясы аппаратында еңбек етеді. Сондай-ақ аға-апалар, еске түсіріңіздерші, «Ал кәнеки жолдастар, шық біреуің той бастар» деп жеңіл де ойнақы әуенмен басталатын «Тойбастар» әнін ұмыта қоймаған шығарсыздар. Есхан ағамыз өз заманында, қазіргі тілмен айтқанда хит болған осы әннің иесі, белгілі сазгер. 1958 жылы Алматының Мемлекеттік Көркем әдебиет баспасынан Ілияс Есенберлиннің әдеби редакторлығымен «Әндер жинағы» жарық көрген. Қазақта Бейімбет Майлинді, оның атақты кейіпкері Мырқымбайды білмейтін кісі кемде-кем. Мырқымбай әдебиетіміздегі типтік бейне ғана емес, қазаққа сіңісті замандас сипатын аңғартар тұлға, мәтелге, тіпті қанатты сөзге айналған есім. Ендеше, Мырқымбай өмірде шын болған адам ба? Болса ол кім еді? Міне, осындай сауалдарға біздің қолымыздағы мына «Мырқымбай» деп аталатын материал біршама жауап беретін сыңайлы. Материал 2013 жылы Е.Есетовтің туындыларын жинап-теріп, ағайын-туыстары Қостанай қаласынан шығарған «Естеліктер» жинағына енген. Әңгіме өткен ғасырдың елуінші жылдары жазылған. Біз сіздердің назарларыңызға автордың өзіндік қолтаңбасын сақтай отырып, ықшамдалған нұсқасын ұсындық. Жанұзақ АЯЗБЕКОВ, әдебиеттанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі