Қылмыс • 14 Қараша, 2024
Мал ұрлығына қатысты заң күшейгенімен, ұры-қарылардың тыйылар түрі жоқ. Көбіне төрт түлік тоғыз жолдың торабындағы ауылдардың жайылымынан, қораларынан қолды болады. Биылдың өзінде дәл осындай 26 қылмыстық іс тіркелген. Кейінгі ұрлық әлеуметтік желіде кең таралып, ауылдағы ағайынды тіпті алаңдатып қойды. 40 жылқы тиеп алған «КамАЗ» жүк көлігі мал ұрлығын алдын алу үшін қойылған блок-бекетте құрықталды.
Құқық • 14 Қараша, 2024
Биылғы 10 айда Батыс Қазақстан облысы аумағында 365 интернет-алаяқтық қылмыс тіркелсе, соның 22,6%-ы ғана ашылған. Жәбірленушілердің дені – мұғалімдер, дәрігерлер, зейнеткерлер.
Тұлға • 14 Қараша, 2024
Бейімбетті заманға бейімдемейік
Жан дүниесіне терең із қалдырған оқиғалар адамды сол нүктеге айналдырып әкеле беретіні бар. Мұндай құбылысты бір тақырыпқа қайта айналып соға беретін шығармашылық адамдарының өмірінен де байқауға болады. Осындай ерекшелік қазақтың классик жазушысы Бейімбет Майлиннің шығармаларынан да айқын көрініс тапқаны таңдандырмай қоймайды.
Тағзым • 14 Қараша, 2024
Қызылорда облысының Арал ауданында халқы бастан өткерген тұтас бір ғасырды суреттеп, кейіпкерлері әлем әдебиетіне еркін енген қаламгер, Қазақстанның Еңбек ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығы аталып өтті. Жазушы атындағы әдебиет үйінің алдында басталған іс-шара шымылдығы балықшы қауымның өмірін бейнелеген қойылыммен ашылды.
Сұхбат • 14 Қараша, 2024
«Агрофорум ауыл шаруашылығына жаңа леп әкеледі»
Алдағы маңызды іс-шаралардың санатында Ауыл шаруашылығы форумы да бар. Айтулы жиынға отандық аграрияның екі мыңнан аса өкілі қатысады деп күтіліп отыр. Осы орайда «Ауыл» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Серік Егізбаевпен сұхбаттасқан едік.