Экономика • 28 Қараша, 2022
Астанада Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің бесінші отырысы өтті. Онда екіжақты сауда мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Іскерлік кеңес бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерді зерделеуге, әлеуетті клиенттермен және іскер серіктестермен кездесу алаңын ұсынуға бағытталғанын да атап өту керек.
Экономика • 28 Қараша, 2022
Қарағанды облысының даму әлеуеті зор. Өңірде бизнестің белсенділігі жоғары. Биылғы он айда тіркеліп, жұмыс істеп жатқан шағын және орта бизнестің саны 12 пайызға көбейген. Бұл туралы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиевтің Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесуде мәлім болды.
Қоғам • 28 Қараша, 2022
Билік үшін күрестің қыры мен сыры
Алматыдағы «Классика» баспасынан 2022 жылдың қазан айында айрықша кітап шықты. «Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес» атты кітаптың авторы – елімізге белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев. Еңбекте не жазылғаны атынан-ақ көрініп тұр: Ақордадағы билік үшін күрес. Автор оны шартты түрде үш кезеңге бөліп көрсеткен: қаңтарға дейін, қаңтарда, қаңтардан кейін.
Қоғам • 28 Қараша, 2022
Қарағанды облысында 176 ауылда таза су жоқ екенін, бұл мәселені кешіктірмей шешу қажеттігін қазан айында жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қадап айтқан. Енді осы мәселені түбегейлі шешер күні алыс емес секілді. Өйткені жыл соңына дейін өңірдің орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылуы 95 пайызға жетеді. Бірер жылда бұл көрсеткіш 100 пайыз болады деген болжам бар.
Қоғам • 28 Қараша, 2022
Мал дәрігерлеріне мәртебе керек
Осы Ауыл шаруашылығы министрі мал дәрігері деген мамандардың барын біле ме екен? Қысы-жазы төрт түліктің соңында салақтап жүрген мал дәрігерлерінде не мәртебе, не мардымды жалақы жоқ. Білесіздер, малдан шыққан індет адамға тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан да шығар, «дәрігер адамды, мал дәрігері адамзатты емдейді» дейді. Дегеннен не пайда?! Ветеринарияның берекесі кетіп тұрса...