Қарағанды облысында 176 ауылда таза су жоқ екенін, бұл мәселені кешіктірмей шешу қажеттігін қазан айында жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қадап айтқан. Енді осы мәселені түбегейлі шешер күні алыс емес секілді. Өйткені жыл соңына дейін өңірдің орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылуы 95 пайызға жетеді. Бірер жылда бұл көрсеткіш 100 пайыз болады деген болжам бар.

– Облыстағы 176 ауылда таза су жоқ. Биыл 37 елді мекенге таза су беріледі. Басқа ауылдарды көп созбай сумен қамту қажет. Кейінгі жылдары Балқаш көлі күрт тартылып барады. Еліміздің орталығын сумен қамтамасыз ететін Сәтбаев каналының техникалық жағдайы мәз емес. Білікті мамандармен бірлесіп, осы екі мәселені мұқият зерттеуді тапсырамын, – деген-ді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына сапарында.
Облыс халқын сапалы ауыз сумен және су бұрумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында биыл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасымен 27 жобаны іске асыруға 13 132 740 теңге бөлінді. Бұл былтырмен салыстырғанда бюджеттік инвестициялар көлемінің 15,9 пайызға ұлғайғанын көрсетеді. Осы қаражатқа 234 шақырымнан аса су құбыры мен кәріз желілерін салу, реконструкциялау жоспарланған екен. Оның 104 шақырымы қалаларға, 129 шақырымнан астамы ауылдарға тиесілі.
Су құбырының жаңғыруы жұртшылықты сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мысалы, осындай ілкімді жобалар арқылы 8 қалада халықтың орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуы 92,2 пайызды көрсетеді. Бұл дегеніміз – облыстың 891 505 мың тұрғыны. Жыл соңында бұл көрсеткіш 98,5 пайызға жетеді дейді ресми деректер.
Мемлекет басшысының ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін биыл қалалық сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға 7 667 428 теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 104,5 шақырым су құбыры мен кәріз желілерін салу және реконструкциялау көзделген.
Ауылда тұратын ағайынның осы күні 91,4 пайызы орталықтандырылған жүйеден су ішіп отыр. Бұл – 208 120 адамы бар 349 ауыл.
Орталықтандырылған су жүйесі жоқ ауылдың 81-інде жерасты су қоры нақтыланған. Яғни су желісін тартуға негіз бар.
Биыл елді мекендерді сумен жабдықтауға 5 465 312 теңге қарастырылған. Аталған қаражатқа 129,6 шақырым су және кәріз желісі тартылды. Сонымен, жыл соңында таза су тұтынатын ауыл адамдарының үлесі 92,4 пайызға жетеді.
Қарағанды облысындағы ірі жобалардың бірі – Жарлы-Қарқаралы су құбыры. Бұл су құбырының құрылысы 38,2 шақырымға созылса, оның 21 шақырымына құбыр төселіп, желі тартылды. Бұқар жырау ауданы Қаражар ауылдық округінің Асыл ауылындағы ауыз суды шешу үшін инженерлік желілер дайындалып, іске қосу-жөндеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ Шет ауданының Бұрма ауылында да су құбырының 90 пайызы тозғанын талдаулар анықтаған. Сол талдау-зерттеу арқылы 24 шақырымға жуық су құбырының 20 шақырымы ауыстырылды. Ауылға су алдағы жылы келеді. Бұл құрылыстың мәреге жетуіне аз қалды. Соның нәтижесінде 1 300 адам ауыз судан кемдік көрмейді.
Деректерге жүгінсек, 90-жылдары облыстағы ауылдың көбі орталықтандырылған ауыз сусыз еді. Өткен ғасырдың 50-60-жылдары салынған су жүйесі де тозып тұрған-ды. Бұл күнде мұның бәрі бірқатар мемлекеттік бағдарлама арқылы шешімін тапты. Мысалы, 1992 жылы облыстағы ауылдардың орталықтандырылған суы бары тек 32 пайыздың шамасында болса, бүгінде ол үлес 92 пайыздан асады.
Осы орайда шалғай ауылдардың аузын тұщы суға жеткізген «Ауыз су», «Ақбұлақ», «Нұрлы жер», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары екенін атап өткен абзал.
Ал алдағы уақытта, дәлірек айтқанда, 2023-2025 жылдары жүзеге асуға тиіс 19 жоба Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ұсынылған. Оның құны – 6,3 млрд теңге. Сонымен, 2025 жылдары облыс тұрғындарын 100 пайыз сумен қамту жоспарланып отыр.
Қарағанды облысы
Бес өңірдегі Президент резиденциялары балалар игілігіне беріледі
Қоғам • Бүгін, 13:07
Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат ресімдеу қағидалары өзгерді
Қазақстан • Бүгін, 12:53
Мексика әйгілі құтқарушы иттерін Түркияға көмекке жіберді
Әлем • Бүгін, 12:42
Жер сілкінісі кезінде дүниеге келген сәби құтқарылды
Әлем • Бүгін, 12:30
«АМАNАТ» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:22
Алматыда интернет-алаяқтар тобы ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Ақмолада қосалқы электр станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге ұрланды
Қаржы • Бүгін, 12:05
Оқиға • Бүгін, 11:51
Президент Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
Президент • Бүгін, 11:44
Қазақстан және араб елдері арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Саясат • Бүгін, 11:33
Ақын Дәулеткерей Кәпұлы «Ауыл» партиясы атынан сайлауға қатысады
Сайлау • Бүгін, 11:22
Астанада ұлттық пікірсайыс турнирі өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:15
Оралда жанармай талонмен беріліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 11:08
Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден Мәжіліс сайлауына қатысады
Сайлау • Бүгін, 10:58
Алматы облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Палестинада 4,8 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:45
Димаш Құдайберген Түркияға қаржылай қолдау көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 10:32
Павлодарда түрмеге есірткі кіргізбек болған әйел ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Түркияға Қазақстанның тағы бір құтқарушылар жасағы аттанады
Оқиға • Бүгін, 10:12
Әлем • Бүгін, 10:03
Мейірім Нұрсұлтанов жапон боксшысымен жұдырықтасады
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:55
Австралия ұлттық паркіне Boeing ұшағы құлады
Әлем • Бүгін, 09:43
Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 5800-ден асты
Әлем • Бүгін, 09:35
Екібастұзда уақытша жылу өшіріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:27
Өткен тәулікте 91 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:20
8 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
Президент Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды
Президент • Бүгін, 09:07
Сайлау • Бүгін, 08:58
Жаңа медиа және ғалам экономикасы
Қоғам • Бүгін, 08:55
Егіске несие беру жалғасып жатыр
Несие • Бүгін, 08:50
Қазақстан • Бүгін, 08:45
Инвестиция • Бүгін, 08:40
«Қара пима» көрерменге ой салды
Театр • Бүгін, 08:35
Марапат • Бүгін, 08:35
«Grand Slam» жарыстары елімізде өтеді
Спорт • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:25
Әлем • Бүгін, 00:28
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары
Үкімет • Бүгін, 00:26
«Ерекше театрдың» елордадағы премьерасы
Театр • Бүгін, 00:24
Пікір • Бүгін, 00:21
Ұқсас жаңалықтар