Әдебиет • 08 Қараша, 2019
Мен ауыл шаруашылығы саласының маманымын, зейнеткерлікке шыққанға дейін осы саладағы түрлі жауапты лауазымдарда қызметтер атқардым. Елімізде Абайдың 175 жылдығы мемлекеттік деңгейде аталатынын естіген соң, өз ой пікірлерімді ортаға салғым келді. Мен мұны қазақтың рухани тұрғыда шыңдалуына бағытталған өте маңызды мемлекеттік шара деп білемін.
100 • 08 Қараша, 2019
Әдебиет • 08 Қараша, 2019
«Ғасыр адамы» атағын суық жарықтың пайда болу табиғатын анықтағаным үшін берді
Қарағанды ғалымдары жайлы әңгімелегенде алдымен «Ұлы математика курсы» деп қазақ тілінде тұңғыш оқулық жазған Алашорданың соңғы тұяғы – Әлімхан Ермековті тілге тиек етеміз. Көмірден синтетикалық мұнай өндіруге қатысты жобаны алғаш жасап, «Атан қомында туған адам» атты тұңғыш жинағына профессор Зейнолла Қабдолов «Селен мен өлең» деген атаумен алғысөз жазған сұңғыла ғалым Евней Бөкетовті айтуға болады. Сол ірілердің лайықты інілерінің бірі, физика-математика ғылымдарының докторы — Темірғали Көкетай десек артық айтқандық емес. Әлемге әйгілі ғалым. 1999 жылы Ұлыбританияның Кембридж университетінің жанындағы Халықаралық географиялық орталықтың шешімімен «Ғасыр адамы» атағын алған тұңғыш қазақ. Біз бүгінде ғылымның небір майталмандары, әлем физиктері ашқан жаңалығын түгел мойындаған, кристалдардағы жарықтың табиғатын зерттеп, студент кезінде-ақ, кристалды қолдан өсірген дара тұлға жайлы көп біле бермейміз. Жуырда ғалыммен емен-жарқын әңгіме-дүкен құрудың сәті түсті.
Театр • 08 Қараша, 2019
Гильгамеш – Аккад-Шумер эпосының түркі әлемімен байланысы
Театр – бүгінгі адамдардың өмірінің үйреншікті атрибуттарының біріне айналды. Кез келген адам театр кассасына келіп, билет сатып алады. Белгіленген уақытта ойын басталып, көрермен өзі қалаған қойылымды тамашалап қайтады. Ертең де солай. Бүрсүгіні де. Ол үшін театр өмірдің бөлінбес бір бөлігі. Қоғам болғасын, мемлекет болғасын оның театры болуы тиіс. Адамдар бұған әбден үйренген.
Қоғам • 08 Қараша, 2019
Әскери медициналық орталыққа – 50 жыл
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Әскери медициналық орталығы өз мерейтойын атап өтті. Осыған байланысты мерекелік шара ұйымдастырылып, онда әскери медицинаның дамуына өлшеусіз үлес қосқан мамандар мен орталықтың жетістіктері айтылды.