Тарих • 07 Қараша, 2019
1916 жылы қазақ жерін түгелге жуық қамтыған ұлт-азаттық қозғалыстың шындығы енді ғана айтыла бастады. Осы қозғалыстың ең ірі ошағы Торғай даласы болғаны белгілі. Торғай көтерілісінің көсемі болған Әбдіғапар Жанбосынұлының өмірден өткеніне биыл жүз жыл толады.
Экономика • 07 Қараша, 2019
Майлы дақылдар алқабының көлемі 2,5 есеге өсті
Нұр-Сұлтан қаласында «KazOil – 2019» III Халықаралық конференциясы өтті. Әлемдік және отандық май нарығының жетекші компаниялары, бизнес және аграрлық ғылым саласының өкілдері бас қосқан жиынның мақсаты – бүгінгі май нарығының даму үрдістері мен ерекшеліктері, саладағы нарықтың соңғы жаңалықтары, өзара сауда-саттықтың көлемін ұлғайту және тағы да басқа мәселелерді талқылау.
Аймақтар • 07 Қараша, 2019
Көлдетіп суарудың пайдасы көл-көсір
Аягөз – ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі. Былтыр ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 26 миллиард теңгеге жуықтаса, биыл 30 миллиард теңгеден асады деп жоспарлап отырмыз. Ағымдағы жылы аудан «Сыбаға», «Нәтижелі жұмыспен қамту» («Еңбек») бағдарламалары арқылы 1 миллиард теңгеден астам несие алуды межелеп, қазіргі уақытта соның 800 миллион теңгеге жуығы алынды.
Аймақтар • 07 Қараша, 2019
Шардара СЭС электр энергиясын өндірудің жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындады
Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Шардара су электр станциясы электр энергиясын өндірудің жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындады. Осылайша, станция 2019 жылдың басынан бері жоспарланған 301 900 мың кВт сағаттың орнына 403 655 мың кВт сағаттан астам электр қуатын өндіріп отыр.
Қоғам • 07 Қараша, 2019
Азаматтардың талап-тілектері тыңдалды
Кеше Nur Otan партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы, Nur Otan партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі Дархан Қыдырәлі азаматтарды қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар өздерін толғандырған мәселелерімен бөлісті.