Тарих • 09 Қараша, 2024
Мемлекеттілігіміз 890 жылы араб картасында «әл-Қазақия» деп көрсетілген
Шынайы тарихты қалыптастыратын сенімді негіз – картография ғылымы. Соның ішінде көне заманнан жеткен карталар – өткеннің дереккөзі іспеттес. Бұлар – мемлекеттердің, халықтардың, жер-су атауларының тарихын зерттеп-зерделеуде таптырмас құрал. Елімізге белгілі ғалым, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров біраз жылдан бері осы салаға айрықша ден қойып, шетел архивтерінде сақталған көне карталар арқылы қазақ мемлекеттілігінің тарихын айқындап жүр. Таяуда ол осыдан 12 ғасыр бұрынғы араб картасынан мемлекеттілігіміздің бастауына қатысты тың дерек тапты. Бұның құндылығы – 890 жылы араб картографтары жерімізді «Қазақия» деп айқын жазғандығында. Біз осы өзекті ғылыми мәселе төңірегінде Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлымен сұхбаттасқан едік.
Жастар • 09 Қараша, 2024
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы биылға екінші жаңа талдамалық жинағын жариялады. Әлеуметтанулық зерттеуде шекара маңы өңірлеріндегі жас буынның оқу және еңбек көші-қонының ерекшеліктері сарапталған. Құжат Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленген.
Қоғам • 09 Қараша, 2024
«World Population Review» зерттеуінше, Қазақстан есірткі тұтыну жөнінен әлемде ондыққа кірген. Ең сорақысы, делдалдардың шамамен 55%-ы – 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтар.
Сұхбат • 09 Қараша, 2024
Озық идеяларды насихаттау алаңы
«ÓzgeEpic» креатив хабында «Isker talks» жобасы белсенді жұмыс істеп келеді. Бастама қоғам белсенділерінің көшбасшылық қасиеттерін, іскерлік біліктіліктерін жастарға жеткізу арқылы бағыт-бағдар беруді көздейді. Осы орайда жоба жетекшісі Мақпал Жұмабаймен аз-кем әңгімелестік.
Мирас • 09 Қараша, 2024
Адай жылқысы: патент иесі кім?
Алматы зооветеринарлық институтын бітіріп, туған жерім Маңғыстау облысына келіп, қызметке араласқаннан бастап алдыма қойған мақсатым – ата-бабамыздан аманат-мұраға қалған Адай жылқысына асыл тұқым мәртебесін алу болды. Осы мақсатыма қол жеткізуді көздеп ғылыммен айналысып, еліміздегі ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз байланыс орнатып, жүйелі жұмыс жүргіздім. Бұл нәтижесіз болған жоқ, жылқымыздың өнімдік бағытына қарай сипаттамалары әзірленіп, жаңа мемлекеттік стандарты қабылданды. Бірнеше селекциялық жетістік пен жаңа технологияны өндіріске енгізіп, патент алдым.