Саясат • 06 Қараша, 2019
Шекарашылармен ауызша келісім мәселені шешпейді
Қазақстан мен Ресей шекаралас өңірлері ынтымақтастығының ХVI форумы жақында Омбы қаласында өтеді. Екі ел арасындағы ынтымақтас жоғары қарқынмен өрістеп келе жатқанымен, шекаралас өңірлерде түйткілді мәселелер жеткілікті. Омбыдағы жиын барысында осындай мәселелер шешімін тапса игі.
Қоғам • 06 Қараша, 2019
Адамның шексіз қиялынан өрістеп шығатын өнердің түрі көп, бірақ сол көп өнердің ішінде шоқтай жанып, «өртеніп» тұрған ыстық үтікпен салынған ерекше суреттерді көргенде рас, алғашында тіліміз байланып қалғандай, айтарға сөз таппадық. Бұрын-соңды үтікпен сурет салды деген «сұмдықты» көрген де, естіген де емеспіз. Жылтыраған аппақ қағаздың үстіне қызылды-жасылды бояуды жай ғана құйып яки жаға салып, үстінен токқа қосылып тұрған ып-ыстық үтікті екі-үш мәрте сүйкей салса болды, ғажап, қандай бейне қаласаңыз, тап сондай суреттің сұлбасы көріне бастайды. «Сүйкей салды» дегеніміз сөз сырағысы әрине, әйтпесе қағаз үстінде қалаған кескінді шығару үшін де ынта мен еп, әжептәуір еңбек керек.
Қоғам • 06 Қараша, 2019
Кітапхана саласында кілтипан көп
Білім беру және мәдени-ағарту қызметінде орны айрықша кітапхана ордалары халықты ақпаратпен, біліммен қамтудың заманауи талаптарына қаншалықты жауап бере алады? Ел кітапханаларының бүгінгі жай-күйін бағамдау мақсатында жан-жаққа сұрау салып көрген едік, уақыт оздырмай шешілуі тиіс бірнеше мәселе айқындалды. Белгілі болғандай, кітапхана ісіндегі ең бірінші мәселе – саланың нормативтік-құқықтық негізінің жетілмегендігі бірқатар қиындық туғызып келеді.
Президент • 06 Қараша, 2019
Түркістан түгел Түркінің төріне айналады
«Қазақстан үшін маңызды қала – Түркістан қазақтың қалың орналасқан жері, дәстүріміз, тарихымыз, мәдениетіміз сақталған өңір. Сондықтан да бұл жерде үлкен қала салу бұрыннан ойымызда болған. Астананың құрылысы басталып кетті де, Түркістанға көңіл бөлінбеді. Өткен жылы менің Жарлығыммен Түркістан облысы құрылып, құрылысқа кірістік. Бір жылдың ішінде жоспарланған нысандардың 102-сі іске қосылады. Жалпы құны 500 млрд теңге тұратын ғимараттар салынады».
Қазақстан • 05 Қараша, 2019
Халықаралық Түркі академиясына Антал Хейзер келді
Бұл туралы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында жазды.