Жоба • 08 Қараша, 2024
Еларалық жобадан алар еншіміз бар
Түрікменстан, Ауғанстан, Пәкістан және Үндістанды жалғайтын газ құбыры жобасын іске асыруға бірқатар ел мүдделі. Оның қатарында Қазақстан да бар. Жоба түрікмен отын-энергетика кешенінің қуатын арттырып қана қоймай, әлемдік нарықтарға энергия ресурсын тасымалдаудың жаңа жүйесін құруға бағытталған. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 1 821 шақырым. Газды өткізу қабілеті жылына 33 млрд текше метрді құрайды.
Суицид • 08 Қараша, 2024
Өрімдей жас өз өміріне неге балта шабады?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, жыл сайын әлемде 720 мыңнан аса жан өз-өзіне қол жұмсайды, 15-29 жас аралығындағы азаматтардың үш қазасы тіркелсе, оның бірі суицид салдарынан болады екен. Биыл Қазақстандағы өз-өзіне қол жұмсау фактілері өткен жылмен салыстырғанда 7,2 пайызға азайған. Осы оң нәтижені сақтап қалу, балалар арасындағы суицидті бұдан да әрі азайту үшін не істемек керек?
Саясат • 08 Қараша, 2024
ТМД: Қауіпсіздік кеңестері хатшылары кездесті
Мәскеу қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының XII кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.
Қоғам • 08 Қараша, 2024
Ізгі қоғам іргесін қалайтын кеңес
Бүгінгі ана құшағындағы сәби – ертең ел іргесін нықтайтын, шаңырағын ұстайтын азамат. Сол азаматтың тілін, ел тарихын білуі, салт-дәстүрін қадірлеуі, бойына ұлт намысын сіңіруі ең алдымен анаға байланысты. Өрелі ананың бауырынан өрген ұрпақ осы қасиеттерді бойына сіңіреді әрі замана бәйгелерінде бақ сынауға қабілетті болып өседі. Дегенмен кейінгі жылдары отбасындағы зорлық-зомбылық, ананың балаға деген ықыласы мен көзқарасы, балалардың суицидке бейімдігі сияқты мәселелер туындап жатыр. Аналар кеңесінің құрылуына себеп болған – осындай келеңсіздіктерден туындаған «Ғасырлар бойы қалыптасқан ана мектебін жойып алсақ, болашағымыз не болады?» деген ой.
Аймақтар • 08 Қараша, 2024
Екібастұз ГРЭС-2: қуаттылығы екі есе артады
«Екібастұз ГРЭС-2 стансасында» әрқайсысы 500 МВт қуатқа ие екі энергиялық блок бар. Оның алғашқысы 1990 жылы, екіншісі араға үш жыл салып пайдалануға берілген. Бүгінде кәсіпорын еліміздің елеулі бөлігін және Қырғызстанды электр жарығымен қамтамасыз етіп отыр. Екібастұз ГРЭС-2-де «№3 және №4 энергоблоктерін орнатумен, Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту және қайта құру» инвестициялық жобасы іске асырылып жатыр. Соның негізінде 2030 жылға дейін әрқайсысының қуаты 550 МВт болатын екі энергиялық блокті орнату жоспарланған. Бұл жоба толығымен іске асса, станса қуаты екі есе, қосымша 1 100 МВт-қа артады.