Аймақтар • 05 Қараша, 2019
Бүгінгі таңда Жамбыл өңірінің туризм саласындағы жетістіктері жетерлік. Тарихи аймақты туризм орталығына айналдыру басты назарда. Әсіресе Әулиеата жеріне саяхаттап келген шетелдік туристердің өңір тарихына деген құрметі жоғары.
Аймақтар • 05 Қараша, 2019
Солтүстік Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтарында орналасқан өңірлер арасындағы экономикалық, мәдени, рухани ынтымақтастықты дамыту бағдарламаларына орай іс-шаралар жүйелі түрде атқарылып келеді.
Қоғам • 05 Қараша, 2019
Қазақ тіл білімінің темірқазығы
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Алматыдағы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ана тіліміздің анасы атанған, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рәбиға Сыздықтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала тұлғалары: академик Рәбиға Сыздық және қазақ сөзінің құдіреті» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Еліне еңбегі сіңген тұлғаға Мемлекет басшысының жарлығымен берілген I дәрежелі «Барыс» орденін Президенттің көмекшісі Мәулен Әшімбаев бұдан біраз уақыт бұрын мерейтой иесіне тапсырған болатын.
Қоғам • 05 Қараша, 2019
Жерлестері ғалымға жаңа баспана тарту етті
Абайтанушы, профессор, филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметұлы бүгінде Түлкібас ауданының Майтөбе ауылында тұрады. Табиғаты ерекше, атауы айтып тұрғандай, топырағына шыбық қадасаң, шынар өсетін ауылда өмірін ғылымға сарп етіп, көз майын тауысып жүрген ғалымға жерлестері баспана тарту етті.
Аймақтар • 05 Қараша, 2019
Омар Шипиннің туғанына 140 жыл толды
Жақында Алтынсарин ауданында халық ақыны Омар Шипиннің туғанына 140 жыл толуы аталып өтті. Әрине ұйымдастырушылар аста-төк етпей, ақынның көзін көрген ардагерлерді, немересін шақырып, жастарға олардың естелігін тыңдатты. Бүгінде 96 жасқа келіп отырған Ұлы Отан соғысына қатысушы, айтыс ақыны, қазақ журналистикасы ардагерлерінің бірі Қасымхан Алдабергенов 1959 жылы Қостанайда өткен облыстық ақындар айтысында Омар Шипинмен бірге болған екен.