Мәселе • 05 Қараша, 2023
Болашақ АЭС мамандарын даярлайды
Жақында Ядролық физика институты әлемдегі ең ірі зерттеу және білім бірлестіктерінің бірі – Германияның алдыңғы қатарлы оқу орны Карлсруэ технологиялық институтымен ынтымақтастыққа қол қойды. Отандық институттың директоры Саябек Сахиев пен шетелдік институттың халықаралық істер және инновациялар бойынша вице-президенті Томас Хирт қол қойған құжат термоядролық технологиялар саласындағы зерттеулер мен инновацияларға, әлемдік деңгейдегі жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Меморандум аясында ғылыми-техникалық ақпарат алмасу, бірлескен зерттеулер жасау және халықаралық рейтингті журналдарға бірлесіп мақала жазу да көзделіп отыр.
Қоғам • 05 Қараша, 2023
Бүгінгі таңда қызметкерлердің көпшілігі жұмыс істеу үшін ChatGPT сияқты нейро желілерге негізделген тілдік модельдерді пайдаланатыны белгілі. Мысал ретінде көршілес Ресейде «Касперский зертханасы» жүргізген сауалнамаға сәйкес респонденттердің 11%-ы чат-боттарды қолданатынын мәлімдеген. Осының салдарынан олардың 30%-ы алдағы уақытта адамдардың едәуір бөлігі жұмыссыз қалуы мүмкін деп қауіптенеді екен.
Аймақтар • 05 Қараша, 2023
Облыстық маңызы бар қала және аудан әкімдерін сайлау Қарағанды облысында да өтті. Атап айтқанда, халық Приозерск қаласы мен Ақтоғай, Осакаров ауданы әкімдерін сайлауға дауыс берді.
Президент • 05 Қараша, 2023
Қазақтың тазысын әлемге насихаттауда Димаш үлкен іс атқара алады - Берік Уәли
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Димаш Құдайбергенге тазының күшігін сыйлады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоба • 05 Қараша, 2023
Отандық он екі стартап Кремний алқабындағы акселерациясын бастады
«Astana Hub» пен «Draper University» Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, өнімді инновацияларды ынталандыру жобасын қолға алған еді. Осы жоба шеңберінде халықаралық нарықта өз бизнесін кеңейтуге ұмтылатын кәсіпкерлер мен стартаптарға әзірленген «hero Training» акселерациялық бағдарламасының екінші кезеңі іске қосылды.