Маман • 06 Қараша, 2024
Техника мамандарына сұраныс артты
Еңбек нарығындағы қажеттілікті талдау нәтижелері Ертіс –Баян өңірінің экономикасына орта кәсіптік білімі бар кадрларға қажеттіліктің артып келе жатқанын көрсетіп отыр. Алдағы бес жылда кәсіптік-техникалық білімі бар мамандарға деген сұраныс білімі жоғары түлектерге деген қажеттіліктен 70 пайызға асып кетеді деген болжам бар.
Қоғам • 06 Қараша, 2024
Жалдамалы баспана – құтты қоныс: Алматыда тағы 920 отбасы пәтер кілтін алды
Қарашаның бірінші дүйсенбісінде кезегі келген 920 алматылық жаңа пәтердің кілтіне қол жеткізіп, қоныстой жасады. Осылайша, оңтүстік шаһарда жалға берілетін пәтер берудің екінші кезеңі басталып, осыншама отбасы уақытша болса да, өз баспаналарына кіріп, қуанышқа бөленді.
Аймақтар • 06 Қараша, 2024
Жетісу ауылдарын жандандыруға ең алдымен қалыпты жол, содан соң жаңа әлеуметтік нысандар қажет. Жүйелі жұмыс бар жерде халық тұрақтайды. Осы тұрғыда облыс әкімі Бейбіт Исабаев ауылдарға көбірек көңіл бөліп келеді. Айталық, шалғайдағы Көпбірлік ауылына отыз жылдан соң жаңа жол салынды. Талай жыл халықты қинап келген ауызсу мәселесі де шешілді. Көп ұзамай мұнда медициналық кешен мен мәдениет үйі салынбақ.
Үкімет • 06 Қараша, 2024
Объективті статистика тиімді шешім қабылдауға көмектеседі
Парламент Сенаты төрағасы Мәулен Әшімбаев бір топ депутатпен бірге Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына барып, жаңа цифрлық технологиялар арқылы статистикалық деректер қалыптастыру жұмысымен танысты.
Білім • 06 Қараша, 2024
Екінші тоқсаннан бастап елордадағы бірқатар мектепте жаңа жоба қолға алынды. Оқушылар сабақ басталмас бұрын арнайы жәшіктерге ұялы телефонын қалдыруы қажет. Осылайша, білім алушылардың назары әлеуметтік желіде емес, оқуда болып, білім сапасы арта түседі.