Қоғам • 01 Қараша, 2023
Қазіргі Сәтбаев индустрия колледжі бұрын №3 кәсіптік мектебі деп аталатын. Басшылық жұмыс сұрай келген бұған дәнекерлеу мамандығы бойынша үш айлық курсқа баруға ұсыныс жасады. «Бізде осы мамандық бойынша оқу шеберлері жетіспей жатыр. Егер бәрі жақсы болса, жұмысқа қабылдаймыз, балаларға дәнекерлеудің қыр-сырын үйретуден дәріс бересіз», дейді. Мұның бітіргені – Жезқазған құрылыс техникумы. Мамандығы бойынша жұмыс табылмай тұрса, қайтпек керек?
Ғылым • 01 Қараша, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры құрылыс нысандарында рұқсат етілген нормадан асатын шуды анықтайтын автоматты жүйені әзірлеп жатыр. Жоба авторының айтуынша, аталған жүйе құрылыс компанияларына тиісті ережелерді сақтауға септігін тигізеді. Әрі шудың салдарынан қолайсыз күйге түсетін тұрғындарға да жәрдемі бар.
Алматы • 01 Қараша, 2023
Алматыда «Жас ғалымдар диалогі: Science Talks» ІІІ халықаралық форумы өтті. Оны Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті ұйымдастырды. Екі күнгі іс-шара аясында ғылымның түйткілді мәселелері айтылып, Америка, Жапония, Ұлыбритания, Польша, Қытай, Түркия, Ресей, Аустралия сияқты әлемнің 20-ға жуық елінен келген ғалымдар тәжірибелерімен бөлісті.
Жастар • 01 Қараша, 2023
Жаһандану үдерісі жеделдеген сайын көп тілді меңгерудің маңызы да арта түсті. Бұл үрдіс біздің жастар арасында қарқынды тарала бастады. Сондай талапты азаматтың бірі – он екі тілді меңгерген Мейіржан Таштай.
Зерде • 01 Қараша, 2023
Таяуда елорда төрінде «Отандастар» қоры» КеАҚ ұйымдастыруымен әлем қазақтары бас қосқан форум өтті. Мәртебелі жиынға түркиялық Нұрахмет Гюнеш есімді егделеп қалған ағамыз келіпті. Бағзыдан бергі бір әдетім, түркиялық көнекөз қазақтарды көрсем болды, сонау 40-жылдары Алтайдан ауып, Анадолыға барған алғашқы көштің баяны туралы сұрамай тынбаймын. Әр кез бұрын-соңды хабарым болған бір оқиғаны естимін. Бұл жолы да қызық әңгіме естіп тебірендім. Сонымен...