Аймақтар • 10 Қараша, 2020
Қарағанды облысы ықтималдығы аса жоғары індеттің екінші толқынына тойтарыс беруге пәрменді түрде кірісті. Бұл жөнінде жергілікті Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте өңір басшысы Жеңіс Қасымбек егжей-тегжейлі айтып берді.
Аймақтар • 10 Қараша, 2020
Дәрі-дәрмектің тұтынушыға жетуі маңызды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев өңірге жұмыс сапарымен келген болатын.
Саясат • 10 Қараша, 2020
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Жастар конгресінің атсалысуымен, республикамыздың түкпір-түкпіріндегі жастарды онлайн-форматта байланыстыра отырып, «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» атты жастарға білім беру жобасын іске қосты.
Саясат • 10 Қараша, 2020
Ынтымағы мен бірлігі, татулығы мен достығы жоқ елде қарыштап даму да, жаңғырып гүлдену де болмайтыны белгілі. Тәубе, Қазақстан деп аталатын қарашаңырағымыз ондай алауыздықтан ада. Елімізде бейбітшілік, айрандай ұйыған ауызбірлік бар. Ал соның алтын қазығы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы дер едік. Оның да қанат жайғанына биыл ширек ғасыр толып отыр. Жуырда осы алқалы ұйымның мемлекеттік тілді оқыту бойынша «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресі өтіп, орамды ойлар ортаға салынған болатын.
Экономика • 10 Қараша, 2020
Ислам банктерінің дамуына не кедергі?
Қазан айындағы жағдайға сәйкес, Қазақстанда екі Ислам банкі жұмыс істейді. Қыркүйектің соңына қарай олардың жиынтық активтері 72,4 млрд теңгені құрап, былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 33,2%-ға артты (54,3 млрд теңге). Ranking.kz порталының ақпаратына сүйенсек, соңғы бес жылда Ислам банктерінің активтері жылына орта есеппен 14%-ға өсіп жатыр.