Саясат • 27 Қараша, 2022
Халықтық коалицияның басты міндеті – Президент реформаларын орындау
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының қорытынды отырысы өтті. Жиын барысында үгіт-насихат кезеңінде атқарылған жұмыстар талқыланды.
Қоғам • 27 Қараша, 2022
Техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін нашар жеткізушілерді Әлеуметтік қызметтер порталынан шығару қажет. Мұндай міндетті жергілікті атқарушы органдардың алдына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова биылғы 10 айдағы әлеуметтік-еңбек саласындағы жұмыс қорытындылары жөніндегі кеңес барысында қойды. Әкімдіктер оны 2023 жылға дейін шешуі керек.
Саясат • 27 Қараша, 2022
«Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» қоғамдық қоры жанындағы Жас сарапшылар мектебі «Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент ретіндегі жұмысының негізгі қорытындылары: 2019-2022 жылдар» және «2022 жылғы президент сайлауының қорытындылары» баяндамаларын таныстырып, сайлау барысына қатысты зерттеулерімен бөлісті.
Қоғам • 27 Қараша, 2022
Кәсіби журналистика: қауіп-қатерлер дәуіріндегі медиа
Аяқталып келе жатқан жылға көз жүгіртер болсақ, былтырғы мен биылғы медиа құрылтай арасында талай маңызды оқиғалар өтті. Дүрбелең дүниенің әр шалғайынан қылаң беріп жатқан жағдайлар, адам баласын ара-тұра сілкілеп алатын табиғи құбылыстар, түрлі саяси мүдделер отын жаққан айналадағылардың қақтығысы... Осындай жағдайда кәсіби журналистика мен блогерліктің ортасында қалған оқырман жауапкершілік арқалайтын, шынайы мәліметті жалған ақпараттан қалай ажыратады?
Сұхбат • 27 Қараша, 2022
Нұрқанат Жақыпбай, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Өмірімнің кредосы – шеңберден шығу
Астананың тағы бір ақ таңы атты. Таңғажайып театр таңы. Сахнада мүлгіген тыныштық. Жастар театрының ат шаптырым залында ноқаттай ғана қарайған бейне көзге шалынды. Оңашаға оқшауланып алған жалқы сұлба алысқа, тым-тым алысқа көз тігеді. Өзі осында болғанымен, ойы қиянда. Маңайында тіршілік барын әлдеқашан ұмытқан. Тіпті жанына жақындап барсаң да, селт етер емес. Иығына түскен ұзын шашын салалап қойып, терең ойдың құшағында отыр. Тіпті біздің қасына қалай келгенімізді де сезбеді білем, тосыннан шыққан үніміз ойын үркіткендей, сәл тосырқап қалды да, лезде өзін жинап ала қойды. Күлімсірей амандасып, бірден: «Жаңа қойылымның премьерасына дайындалып жатырмыз. У.Шекспирдің «Ромео-Жульеттасы». Бұл қойылым менің Шекспир драматургиясына жасаған тәжірибе-триптихымның түйіні десем де болады. Осыған дейін «Асауға тұсауы» мен «Гамлетін» сараптасам, ендігі кезек «Ромео мен Жульеттаға» келді. Көптен бері көңіл түкпірінде толғантып жүр еді, міне, енді көрерменімен қауышатын да сәт жақындап қалды. Бұйырса, ертең премьера. Спектакльдің сахнаға шығар күні жақындаған сайын менде де маза жоқ. Осылай елден бұрын келіп әуелі дайындық алдында өзім оңаша қалып ойланамын, бұған дейін жасалған жұмыстарға қайтадан көз жүгіртіп, ойша артық-кем тұсын екшеп аламын да, содан кейін актерлерімді шақырамын. Сөйтіп, өзімнің ойым мен олардың түнімен ізденіп дайындалған ізденісін бір арнаға тоғыстырып, содан ортақ шешімге келеміз» деп әңгімесін бастаған режиссер тағы да сахнадан көз алмай, үнсіз қалды. Премьераалды толғаныс һәм толқыныс екенін түсіндік. Санада сайрап тұрған сансыз сауалымызбен килігіп, ойын бөлгіміз келмеді.