Қазақстан • 27 Қараша, 2023
Заң саралығы – кәсібиліктің өлшемі
Біз Әділетті Қазақстанды жаңа заңдармен, жаңашыл еңбекпен құрамыз. Ең алғашқы қадамның саяси реформалардан басталуының басты себебі еліміздің ішкі-сыртқы саяси тұрақтылығын сақтау болды. Саяси тұрақтылық жоқ жерде ел болып қалу екіталай. Кадрлық саясатқа келетін болсақ, жалпы барлық дерлік салада кәсіби маман тапшылығының бары белгілі. Кадр даярлау – осы күннің басты мәселесі. Мемлекет басқару ісіне де адал әрі әділ азаматтар ауадай қажет.
Айбын • 27 Қараша, 2023
Еліміздің әскери қызметшілері Отанымыздың қауіпсіздігімен қатар, шет мемлекеттердегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтауға да үлестерін қосып келеді. Оған оғландарымыздың әлемнің әр түкпіріндегі қақтығыс аймақтарында бітімгерлік күштерінің құрамында жауынгерлік міндеттерін атқарып жатуы дәлел. Жуырда Қарулы күштеріміздің кезекті тоғызыншы бітімгерлік контингенті «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштеріндегі» миссиясын аяқтап, елге келді.
Денсаулық • 27 Қараша, 2023
Шалабайларға шарапатын төккендер
Ілгері замандарда киіз үйдің керегесіне ілінген түлкі тымақ ішіндегі шала туған нәресте жарық дүние үшін өзі күрессе, бүгінгідей медицина дамыған кезеңде кувезде жатқан шараналардың өмірі үшін білікті дәрігерлер арпалысады. Қазақстанда жыл сайын 22 мыңнан аса сәби мерзімінен ерте туатынын ескерсек, шала туған сәбилердің дүниеге келуі, адам қатарына қосылуы дәрігерлердің араласуынсыз мүмкін емес.
Аймақтар • 27 Қараша, 2023
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты баспасөз мәслихаты өтті. Онда облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің басты жетістіктері туралы, сондай-ақ биылғы 10 айдың қорытындысы туралы айтты.
Әскер • 27 Қараша, 2023
Әскери медицинаның басты міндеті
1992 жылы еліміздің қауіпсіздігін сақтап, қорғаныс әлеуетін қамтамасыз ету үшін құрылған Қарулы күштерімізбен бірге отандық әскери медицина саласы да өмірге келді. Содан бері ширек ғасырдан астам уақыт ішінде азаматтық денсаулық сақтау саласының ажырамас бөлігі саналатын бұл сала бірнеше реформаны бастан кешіп, жаңару мен жаңғырудан өтті. Ендігі мақсат – әскери медицинаны қазіргі заман талабына сай дамыту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру.