Білім • 03 Қараша, 2021
Сапасыз рейтингтер сүріндіреді
Қазақстандағы академиялық рейтингтер сапа стандарттарына сай келмейді. Академиялық адалдық лигасының платформасында білім саласының сарапшылары еліміздің жоғары оқу орындарына жасалатын рейтингтерді талқылау барысында осындай мәлімдеме жасады. Мұндай рейтингтер жоғары оқу орындарының жақсаруына көмектесудің орнына, керісінше, сапасыз рейтингтері арқылы олардың беделін төмендетеді. Сарапшылар сонымен бірге Білім және ғылым министрлігінің қызметі мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстарға нұқсан келтіретінін алға тартады.
Аймақтар • 03 Қараша, 2021
«Зымыран-2021» жаттығу ойындары өткізілді
Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданының аумағында Төтенше жағдайлар министрлігі облыстық департаментінің ұйымдастыруымен республикалық «Зымыран-2021» командалық-штабтық ойындары өткізілді.
Экономика • 03 Қараша, 2021
Былтыр экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 30,5%-ға жетіп, осы саладағы өнім шығару деңгейінің жалпы көлемі 32,7 трлн теңгені құраған. Ал биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нәсібін кәсіптен тауып жүргендердің қатары 3,4 млн адам болған.
Қазақстан • 03 Қараша, 2021
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы көмір тасымалы бойынша міндеттемелерді ойдағыдай орындауда. Мәселен, қазан айының 25 күні ішінде ел тұтынушылары үшін 5,1 млн тоннадан астам тас көмір тиеліп, жоспар 102 пайызға асыра орындалған.
Қазақстан • 03 Қараша, 2021
Жаңа ақылы жолдар пайда болады
Қазақстанда автожолдардың жеті учаскесі ақылы болмақ. Жоба «Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы» аясында жүзеге асырылмақ.