Руханият • 06 Қараша, 2020
Сурет өнерінің ерекшелігі де сол, кейде айтар ойыңды бояулар тілінде баяндаған кескіндемешілердің шеберлігіне еріксіз тәнті боласың. Бұрынғы Целиноград, қазіргі Қараөткел, еліміздің еңселі астанасында жазылған мына бір тамаша туындыны көргенде біз осыны ойладық.
Руханият • 06 Қараша, 2020
Сарыарқаның кең сахарасы қазақы көне дәстүрлерге, тағылымы терең мәдени мұраларға, тамыры терең шежіре тарихқа, табиғаты ерекше ән мен күйге ежелден бай қоныс. «Алаш алаш болғанда, ала тай ат болғанда, таңбасыз тай, енсіз қой болғанда» осы Сарыарқада сары жұрт болды. Бұл байырғы ата мекен қазақтың әлі де қазыналы пұшпағы, қасиетті тұрағы ретінде киелі. Ұлт болмысының ұстынындай Арқа өңірін тілге тиек етсек әлбетте әуезді әндері мен қырық буын қосбасар күйлері еске түседі. Сарыжайлау даланың шетіне іліккеннен бұта түбі бозторғай ән әуелетіп, киік жосыған кең адырда күй күмбірлей бастайды.
Аймақтар • 06 Қараша, 2020
Коронавирустың алдын алудың бір шарты – карантиндік шаралардың қатаң сақталуы. Алайда жоғарыда айтқанымыздай, бұл талаптар сақтала бермейді. Ел ішінде көпшіліктің жиын, той-томалақ өткізушілер әлі көп. Мұндай заң бұзушылардың арасында мемлекеттік қызметшілер, әкімдер де кездесіп қалады.
Руханият • 06 Қараша, 2020
Кейде қазақ сөзінің қатпар-қатпар тереңіне бойлаған сайын тарихи танымыңның тұғыры өсіп, бағзыда салып кеткен бабалар жолының көне сорабына қалай түскеніңді аңғармай да қаласың. Өкінішке қарай көшпелі түркі тайпаларының, оның ішінде қазақ ұлысының қаншама көне сөзі айналасы бір ғасырдың ішінде аяусыз қысаспен санадан сүрілді. Ұлттың жаны тіл екенін жақсы білген басқыншылар алдымен қазақтың бай сөздігіне жымысқы саясат пен астыртын соғыс бастағаны белгілі. Нәубет науқан тілімізді егінше отады. Мұрнынан тізілген мұралардың ішінде қазақтың таным-түсінігіне, әдет-ғұрпына, таным-түсінігіне қатысты, жекелей айтқанда мезгілдерге байланысты, ай атауларына қатысты қаншама сөздері жадымыздан жоғалды. Көне мағыналары көп жайттарға жетелейтін небір сөздер күресінге сүйрелді.
Экология • 06 Қараша, 2020
Жайықтың экожүйесін сақтауға бағытталды
Қазақстан мен Ресей Жайық трансшекаралық өзенінің экожүйесін сақтау үшін бірлесіп жұмыс атқарады. Соған сәйкес 2021-2024 жылдарға арналған арнайы бағдарлама қабылданбақ.