Аймақтар • 02 Қараша, 2021
Қазір Қапшағай қаласы бойынша бақша дақылдарын жинау жұмысы толық аяқталған. Оның өнімділігі гектарына 260 центнерді құрады. Оның ішінде 400 гектар картоп, 1200 гектар көкөністен мол өнім түсті.
Аймақтар • 02 Қараша, 2021
Жүгеріні төкпей-шашпай жинап алды
Жетісуда жүгері өсіруге негізінен Панфилов ауданында басымдық берілгенінен жұрт құлағдар. Ал биыл бұл тізімге Сарқан ауданы да қосылатын сияқты. Өйткені осы ауданның шаруалары да жүгеріден мол өнім жинады.
Аймақтар • 02 Қараша, 2021
Еңбекшіқазақ ауданында қарқынды бақ өсіру өріс алды. Соңғы жылдары Алматы облысында бақ өсірудің интенсивті түрі қарқын ала бастады. Көптеген шаруашылықтар озық технологияларды игеріп, соның арқасында сапалы өнім алуда. Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысында бақтар көлемі 23,7 мың гектарға жеткен, соның 2,8 мың гектары – интенсивті бақ. Ал былтыр өңірде ескі бақтарды жаңарту есебінен 494,1 га жаңадан бақ отырғызылған.
Елорда • 02 Қараша, 2021
Елордадағы «Хан Шатыр» СОО-дағы азаматтарды КВИ-ға қарсы вакциналауға арналған егу пункті жабылады. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, олар вакциналау бойынша өз қызметін осы жылдың 1 қарашасынан бастап аяқтайды.
Аймақтар • 02 Қараша, 2021
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қарағанды облысында коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация қараша айының үшінші онкүндігінде басталатыны айтылды. Маман-дәрігерлер тұрғындарға кросс-ревакциналаудан өтуді ұсынып отыр.