Руханият • 04 Қараша, 2020
Уақыт маңдайына жазылған жәдігерлер
Дөңгелеген дүниеге дүрбі салсаңыз, көшпенділердің құйқалы топырағы қашаннан құтты өлкеге айналғанына көзіңіз жетеді. Құдды әлімсақтан бері байтақ даламыздың түкпір-түкпірінде ұлылықтың дәні себілгендей. Әу бастан тектілік біздің қанымызға дарыпты. Кемелділік пен кенендік кереқарыс маңдайымызға бұйырыпты. Оның айқын көрінісі – бағзыдан бүгінге алтын жіптей арқау болған шежірелі мұрағаттар. Ал біз сол қазына артқан толағай дәуірлердің қадіріне жеттік пе? Осыған жауап іздеп көрейікші...
Руханият • 04 Қараша, 2020
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Қарулы Күштер: Борыштан жауынгерлік жаттығуға дейін
Қай кезде де айбынды да айбарлы Қарулы Күштері бар елдің абыройы асқақ болары даусыз. Өйткені әр мемлекеттің беделі әлеуметтік-экономикалық һәм әскери әлеуетімен биіктей түседі. Осы тұрғыдан айтқанда, тәуелсіз Қазақстанның құрлықтағы және судағы шекара шебін көздің қарашығындай қорғау алдымен әскерге жүктеледі. Қазір отандық әскердің әлеуеті артты. Әскери бөлімдер осы заманғы озық техникалармен, қару-жарақ түрлерімен қамтылды. Мұның мысалын «Батыс» өңірлік қолбасшылығы құрамындағы әскери бөлімдерден де байқауға болады. Бұл – Қарулы Күштердің құрылымдарында жүргізілген реформалардың жемісі. Сардарлар мен сарбаздар кез келген әскери тапсырманы бұлжытпай орындап, Отан шебін қорғауға сақадай сай әзірлігін байқатып келеді. Ал бұл жастардың әскерге баруға қызығушылығын оятты. Бұған бір күнде отаншыл 100 бозбаланың әскери борышын өтеуге аттанғаны дәлел бола алады. Сондай-ақ ел ертеңіне баланған өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу ісіне де баса мән беріліп отыр
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Саналы таңдау мен риясыздықтың үлгісі
Өткен бір мақаламызда волонтерлік қозғалыстың маңызын халықаралық деңгейде терең білетін Президент Қ.Тоқаевтың «Жан дүниесі таза емес, ойы лас адамдар волонтер бола алмайды» деген пікірін келтірген едік. Сөйтсек волонтерлер мәселесінің түйіні осы қозғалыстың ішкі мазмұнында жатқанға ұқсайды. Біз үнемі оның ішкі «болмысына» емес, тек сыртқы «пішініне» қарап келген тәріздіміз.
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Халық алғысына бөленген волонтер
Індетпен алғы шепте күрескен дәрігерлердің ерлігі туралы қанша айтсақ та артық болмайды. Қиын кезде оларға көмекке келген волонтерлердің де еңбегі көпке үлгі. Солардың қатарында медициналық оқу орындарын жаңадан бітіріп жатқан түлектер де әріптестерімен қатар, белгісіз вирусқа тойтарыс беруге барынша тырысты.