Медицина • 03 Қараша, 2020
Жаңаөзенде – жаңа ПТР зертханасы
Жаңаөзендегі көпбейінді аурухананың жанынан ПТР зертхана ашылды. Мұнда енді тәулігіне 200-ге дейін тест сынамасын тапсыруға мүмкіндік бар. Жаңаөзен қалалық денсаулық сақтау саласының үйлестірушісі Сәнім Танаеваның айтуынша, медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті мұнай мекемесінен 89 млн теңге бөлінген.
Спорт • 03 Қараша, 2020
Атырауда Suleimen Promotions компаниясының ұйымдастыруымен өткен кәсіпқой бокс кешінде әуесқой бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Бекзат Нұрдәулетов пен Абылайхан Жүсіпов өнер көрсетіп, қарсыластарын айқын жеңді.
Хоккей • 03 Қараша, 2020
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың «Барыс» хоккей клубы жаңа қорғаушымен толықты. Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлады.
Теннис • 03 Қараша, 2020
Astana Open турнирінің жеңімпазы – аустралиялық
Турнир директоры Атилла Рихтер марапаттау рәсімі кезінде Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы ұзақмерзімді ынтымақтастыққа үміттенетінін және Қазақстандағы турнирдің жоғары деңгейде өткенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол финалда өнер көрсетіп, тамаша ойыны үшін теннисшілерге алғыс білдірді. Рихтер пандемия адам өміріне әлі де әсер етіп жатқанын, жаңа жағдайға бейімделуге мәжбүр еткен ерекше жыл екенін атап өтті.
Аймақтар • 03 Қараша, 2020
Ауыл – ел бесігі: Тұрмыс сапасы жақсарып келеді
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы басталған екі жылға жуық уақыт ішінде Қостанай облысында 258 елді мекенде аурухана, мектеп, балабақшалар жөндеуден өтіп, жүздеген көше бүтінделді. Былтырдың өзінде Әулиекөл, Меңдіқара, Қарасу, Сарыкөл және Федоров ауылдарында жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын 72 жоба жүзеге асты. Ауылды дамытуға бағытталған инфрақұрылымдық жобалардың ауқымы биыл едәуір кеңейе түскен.