Аймақтар • 26 Қараша, 2021
Іскерліктің іздегені – ілгерілеу
Елбасы Н.Назарбаев «Миллион адам тұратын төртінші қала болуы керек» деген Қарағандыда көп өзгеріс бар. Тұрғындар бәрін көріп-біліп отыр: қалада қоқыс шығару ісі жолға қойылып, жолдар жөнделіп, аулалар бірінен соң бірі абаттандырылып жатыр. Қоғамдық көлік тасымалының қордаланған мәселесі де бірте-бірте шешімін табуда.
Қоғам • 26 Қараша, 2021
Ана мен баланы қорғаудың ауқымды акциясы
Биыл «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясының бастау алғанына 30 жыл толды. 1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен құрылған халықаралық науқан еліміздегі әйелдер көшбасшылығының бірінші институты болып табылады. Ауқымды акция әйелдерге қатысты әртүрлі дискриминация түрлерін жою туралы Конвенцияға сәйкес жыл сайын ел көлемінде 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өткізіліп келеді.
Аймақтар • 26 Қараша, 2021
Әлем халқы жылына 120 мың тоннадан астам ұлуды таңсық ас ретінде тұтынады екен. Мұның өзі жалпы сұраныстың 60-70 пайызын ғана жабатын көрінеді. Тобыл өңірінде тұңғыш ұлу фермасын ашқан ерлі-зайыпты Старковтардың айтуынша, оны өсіру көп қаржыны керек етпейді және бәсекесі аз әрі табысты бизнес болып саналады.
Сұхбат • 26 Қараша, 2021
Ербол Өстеміров: Бизнесті қорғау «таза парақтан» басталады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында реттеушілік саясаттың базалық қағидаттарын өзгертіп, соның аясында бизнесті «таза парақтан» реттеуді тапсырды. Қазір осыған байланысты заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл құжатты кәсіпкерлер де күтіп жүргені анық. Өйткені заң ең бірінші солардың құқын қорғауға тиіс. Осы жөнінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміровке бірнеше сауал қойған едік.
Экология • 26 Қараша, 2021
Көліктерді газға ауыстыру – заман талабы
Автокөліктер ағыны артып, экологиялық ахуал күрделене түскен қазіргі кезеңде мотор отыны ретінде табиғи газға көшу мәселесінің маңызы артты. Әлем елдері мұның үнемді әрі тиімді тәсіл екенін әлдеқашан мойындаған. Қазақстан үшін де табиғи газға көшу үдерісін үдету өзекті мәселе болып отыр. Осыған орай Алматыда БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссия аясында «Қазақстанда көлікті декарбонизациялауды қолдау» атты семинар өтіп, екі күнге созылған шарада бензин мен дизель отынын пайдаланудың орнына табиғи газға көшу жайы жан-жақты талқыланды.