Қоғам • 03 Қараша, 2020
Мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектерді кәсіпке баулиды
Маңғыстауда мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен мүгедек баласы бар аналарға арналған жоба басталды. «Ерекше жандардың сәттілік синергиясы» деп аталатын жоба Орта Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау аясында жүзеге асырылды.
Қоғам • 03 Қараша, 2020
Ежелден жетімін жылатпай, жесірін жатқа бермей, ұлағат жолын ұстанған ұлт екеніміз баршаға мәлім. Халқымыздың осындай даналығының арқасында қазақ жерінде балалар үйі деген мүлде болмаған. Ал қазір қанша жерден қарекеттенсек те, көңілі налаға, көзі жасқа толы жетімектеріміздің саны артпаса, кемімей отыр. Осы ретте Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының елордадағы филиалы биыл «Интернат ұйымдарынан кейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бейімдеу және қолдау жөніндегі іс-шаралар кешені» деп аталатын жобаны қолға алды.
Медицина • 03 Қараша, 2020
Еңбегі ересен эндоскопист дәрігер
Білімді, білікті дәрігердің есімі ел аузында жүреді. Алдына барып көрмеген адам да есіміне сырттай қанық болып, құрметі қалыптасады. Ақтау қаласындағы жоғары санатты хирург-эндоскопист дәрігер Болат Керейұлы осындай құрметке ие.
Аймақтар • 03 Қараша, 2020
Түркістанда оңалту орталығы ашылды
Бұл – коронавирус инфекциясымен немесе пневмониямен ауырып, одан емделіп шыққандарды оңалтуға арналған алғашқы орталық. Қалалық емханада орналасқан жаңа орталықта 19 емделуші реабилитациялық көмек алуда. Оларға ингаляция, парафинотерапия, емдік массаж, велотренажер сынды емдік шаралары жүргізіледі.
Медицина • 03 Қараша, 2020
Инфекциялық аурухана пайдалануға берілді
Қостанайда Covid-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған жаңа инфекциялық аурухана пайдалануға берілді. Қаланың шетіндегі ашық алаңда бір жаздың ішінде бой көтерген жаңа заманауи стационар қазір науқастарды қабылдай бастады.