Қоғам • 02 Қараша, 2020
Жол тәртібін бұзбаған жүргізуші
Бүгінде көпшілік үшін жол ережесін бұзбай жүрудің таңсық көрінетіні рас. Бір жағынан қазіргідей көліктің молайған, темір тұлпар тізгіндегендердің көбейген уақытында бұл мүмкін емес сияқты. Қала көшелерінен күнде бір-бірінің жолын кес-кестеген, асығып бара жатқан көлік жүргізушілерін көп кездестіреміз. Жол ережесін бұзған бір адамның екінші біреудің жол тәртібін бұзуына да себепкер болуы ықтимал. Дегенмен, ел ішінде тәртіпті жүргізушілер де бар. Олар қай кезде де айналасына үлгі болмақ.
Қоғам • 02 Қараша, 2020
Азаматтық қоғам қалыптастыруға жасалған қадам
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Аймақтар • 02 Қараша, 2020
Шарбақты ауданының орталығы Шарбақты ауылында тұратын Нұрлыбек Бекебаев пен Самал Иманқұлова – балаларын байлығы көрген қарапайым ғана отбасы. Отағасы күзетші әрі от жағушы болса, Самал мектепте оқитын балаларының сабағы мен тәрбиесіне қарайлап үй шаруасымен айналысады.
Қоғам • 02 Қараша, 2020
Жарық дүниенің жақсылығын ғана көреді
Мақсат-мұрат қос қолтығынан қос періштедей демеп, жебеп алға ұмтылдыру үшін де адамға аялы арман керек екен. Бірінші топтағы мүгедек Наталья Курдюкованы да биіктерге бастап келе жатқан, ұлы өмірге деген сүйіспеншілігін әр сәт сайын еселеп, дем беріп келе жатқан дәл осындай бір нәзік сезім.
Руханият • 02 Қараша, 2020
Тұңғыш Президет – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпы ұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек» деген болатын. Жоғарыдағы Елбасы тапсырмасы негізінде Мәденит және спорт министрлігінің бастамасымен «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы құрылған болатын. Мұндағы мақсат – еліміздегі қасиетті тарихи орындарды анықтап, оларды ұлттық-идеологиялық деңгейге көтеру. Осы істі абыройлы атқару үшін Орталық жанынан арнайы ғылыми-сараптамалық кеңес ашылып, оған жергілікті өлкетанушылар мен этнограф ғалымдар, аймақтағы салалық мекеме қызметкерлері тартылған еді.