Руханият • 26 Қараша, 2019
«Бүгіншіл» болып барамыз-ау...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арнаған Жолдауында Үкіметке маңызды бір тапсырма жүктеген-ді. Президент «Жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа, соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды Үкіметке тапсырамын» деген еді. Ал жыл болса аяқталып келе жатыр. Бірақ тиімді механизм әзірлеу тым қиын шаруа болатын түрі бар.
Қоғам • 26 Қараша, 2019
«Жан Шуақ» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Елордада Nur Otan партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған дәстүрлі «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Аталған сыйлық елдің мәдени, спорт және қоғамдық өміріне белсене араласқан мүмкіндігі шектеулі жандарға, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар азаматтардың тұрмысын жақсартуға үлес қосқандарға беріледі.
Қазақстан • 26 Қараша, 2019
Мәскеудегі қазақ киносының апталығы
Ресей астанасының орталығында орналасқан көне кинотеатрларының бірі «Иллюзион» еліміздің алдыңғы қатарлы кинотуындыларын көрсетілді. Алғашқы болып сайын даланың құдық қазушылары туралы түсірілген «Шыңырау» фильмі көрсетілді. Қиын отбасылық қарым-қатынастар мен екі жасөспірімнің махаббаты аясында өрбіген бұл оқиғаның авторы қара сөздің хас шебері, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев. Мәскеудегі кино апталығы рухани абыздың 80 жылдығына арналып отыр.
Руханият • 26 Қараша, 2019
Биылғы 1 тамыз және 30 қыркүйек күндерінде «Еgemen Qazaqstan» газетінен дауысы да, тағдыры да бөлек әнші Ерік Құрманғалиев жайында екі дүркін мақала оқыған соң әлемнің білікті музыка мамандары ерекше құбылыс атаған сахна саңлағының тамаша талантымен, сирек кездесетін дауысымен, қол жеткен табыстарымен Қазақстан оқырмандарын алғаш рет таныстырған жұбайым Сапар Байжанов екеуміз екеніміз есіме түсті. Әр нәрсенің бір ойламаған жерден сәті түсетіні бар. Әңгімені содан бастағанды жөн көрдім.
Қоғам • 26 Қараша, 2019
Qorgau жобасы азаматтарға қолұшын созады
Уақтылы және сапалы заңгерлік көмекке көпшілігіміз мұқтажбыз. Соның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған адамдар аса зәру. Кәсіби заңгерлердің қызмет көрсету ақысы қымбат, оны көп адамның қалтасы көтере бермейді. Сол себепті де өз құқығын жете білмейтін жандар көп ретте тағдыр тоғысында қорғансыз қалып жатады. Соның салдарынан құқықтық нигилизм орнайды және халықтың билік құрылымдарына, тұтастай мемлекетке деген сенімсіздігі артады.