Қазақстан • 26 Қараша, 2019

Мәскеудегі қазақ киносының апталығы

325 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ресей астанасының орталығында орналасқан көне кинотеатр­ларының бірі «Иллюзион» еліміздің алдыңғы қатарлы кино­туындыларын көрсетілді. Алғашқы болып сайын даланың құ­дық қазушылары туралы түсірілген «Шыңырау» фильмі көр­сетілді. Қиын отбасылық қарым-қатынастар мен екі жасөс­пі­рім­нің махаббаты аясында өрбіген бұл оқиғаның авторы қара сөздің хас шебері, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекіл­баев. Мәскеудегі кино апталығы рухани абыздың 80 жылдығына арналып отыр.

Мәскеудегі қазақ киносының апталығы

Осы оқиғаға арналған шараны ашқан Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тас­мағамбетов, мем­лекет қай­раткері және ұлы жазушы Әбіш Кекілбаевтың тұлғасы халқымыз үшін ерекше маңызды және қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруымен тығыз байланысты екенін атап өтті.

– Ол еліміздің  әдеби қа­зы­­насына үлес қосып қана қой­май, терең ойшыл және руха­ни-адамгершілік дамудың биік бағдаршысы ретінде жа­ды­мыз­­да қалды. Сіздердің назар­ла­рыңызға жазушының ең жақ­сы туын­дыларының біріне негіз­дел­ген фильм ұсынылады, – деді ол.

Сонымен қатар РФ Мәде­ниет министрінің орынбасары­ Па­вел Степанов Мәскеудегі қа­зақ­­стандық кино апталығының бағ­дарламасы өте ауқымды және түрлі жанрды қамтығанына назар аударды.

– Мен көрсетілетін барлық фильм­дерді көргім келеді. Бағдар­лама заманауи қа­зақ­стан­дық кино аяқ алысын көр­се­тетіндей етіп таңдалады. Біз Қа­зақстанмен мә­дени, гума­нитар­лық және кино са­ласындағы ын­­тымақтастыққа үлкен көңіл бө­леміз. Көркем фильм­дердің бір­­лескен өндірісі ту­ралы да ойлау­дамыз, – деп қоры­тындылады Павел Степанов.

Айта кетелік, «Шыңырау» фи­льмінің көрсетілімі алдында Әбіш Кекіл­баевтың «Аңыздың ақыры» романының аудио-нұсқасының тұсаукесері болды. Оған қоса, жа­­­зушының шығармасына көр­кем сипат қосу үшін Косыгин атын­­дағы уни­верситеттің жас қыл­қалам ше­берлері өз суреттерін кө­рер­мендерге ұсынды. Барлығы 23 картина жасалды, олар роман сюжетін ашып, оны визуалды жағынан қамтамасыз етті. Көрмені арнайы жазылған Ренат Гайсиннің музыкасымен толықтырылған аудио-кітап сүйемелдеді.

Фильм көрсетілмес бұрын, қа­зақ киносы майталмандарының қа­тысуымен баспасөз конферен­циясы өтті. Меймандар тек фильм туралы ғана емес, сондай-ақ бір­лес­кен Қазақстан-Ресей киножо­ба­лары туралы да әңгімеледі. «Қазақ­­фильм» ки­но­студиясының пре­­зи­­денті Арман Әсеновтің ай­туын­­­ша, отан­дық киноның басты бағыт­­та­рының бірі – бірлескен өндіріс.

– Біздің басты серіктес – бұл орыс киносы, өйткені ортақ тақы­рып­тар көп. Біз бір-бірімізге мен­та­ли­тетіміз жақын, арамызда тіл­дік ке­дергі жоқ. Түсіруге бола­тын көп­теген қызықты сценарий де жет­кілікті, – деді ол өз сө­зін­де.

Көрмедегі екі картинаның ав­­то­ры Наталья Щигорец туындыларды жазу барысында Қазақ жеріне саяхатқа барғысы келгенін айтты.

«Шыңырау» фильміне орал­сақ, сюжет құдық қазушы Еңсеп пен оның ұлы Жомарт туралы баяндайды. Олардың қарым-қаты­насы Жомарттың махабба­тына бай­ланысты шиеленісе тү­седі. Әкесі баласының жұмыс­қа көбі­рек уақыт бөлгенін қа­лай­ды. Қыс­қа ғана уақытта көрер­мен­дер­ге кейіпкерлердің басынан қыз­ғаныш, сатқындық, мен­мен­дік, ал­дау және махаббат сезім­дері өт­кені көр­се­тіледі. Режиссер Жа­на­бек Жеті­руов бұл туындысын екі жыл тү­сір­ген. Өкінішке қарай жазу­шы киноны көре алмай кетсе де, сцена­рийді оқып, өзі­нің батасын берген.

Жалпы, фильм символ­ мен се­зімдер әлеміне ену болып табылады. Иманғали Тас­мағамбетов атап өт­кендей, әр адам осы бел­гілерден өз мағына­сын таба­ры сөз­сіз. Өмір үшін мәң­гі­лік, күрес, сенім және ма­хаббат та­қы­­­­­рып­тары ор­тақ болып қала бер­­мек.

Фильмде режиссер мен роман авторының көшпелі өмір фило­софиясы мен тұтастай әлем­­нің көз­қарасы көрсетілген, он­­да терең суы бар құдық – бол­мыс­тың мәні, ал бос құдық – оның соңы.

Іс-шараның құрметті қонағы бол­ған ресейлік режиссер Егор Кон­чаловский қазақ киносын жақсы біледі. Өйткені ол Қазақ­станда үш жоба құрып, елі­міздің біраз режиссерлерімен жұ­мыс жа­сады. Кончаловский қазақ­стан­дық фильмдерді ресейлік кө­рер­мендерге көрсету қажет деп санайды. Өйткені ең ауқым­ды мәдени шара – кино – елдердің арасын жақындастырады.

Қазақстанның Ресейдегі ел­ші­лігі Ресей Федерациясының Мә­­дениет министрлігінің қол­­­да­уы­мен ұйымдастырған Қазақ­стан кино­­сының апталы­ғы тағы да­ же­ті фильм­­мен жалғасып, Ақан Сатаев­тың жаңадан жарық көр­­ген «Томи­рис» фильмін кө­рер­­мен­ге ұсын­ды. Сондай-ақ, Қазақ­стан­ның Ресей­дегі елші­лігін­де «Ресей мен Қазақ­станның ки­но өндірісі мен фильм­дерді тара­ту» саласындағы ынты­мақтас­ты­­ғына арналған дөңгелек үстел ұйым­дастырылды.