Білім • 22 Қараша, 2017
Мұғалім пайымы: Қайта басылса да қатеден арыла алмай отырмыз
Елдің үні «Егемен Қазақстан» республикамыздағы білім беру ісінің жай-күйін барлық уақытта назардан тыс қалдырған емес. Әсіресе соңғы кездері, газеттен арнайы «Білім», «Тәлім» беттері ашылғалы бері жастарды оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне қатысты ойлар кеңінен айтыла бастады. Оның қатарында көпшіліктің жеке көзқарастары, ғалымдардың дәлелді тұжырымдары, журналистердің ел ішінде жүргізген зерттеулері бар. Ол жөн де. Өйткені қай мәселенің де оңды шешімі көп болып ақылдасып «жеті рет өлшеп, бір рет кескенде» табылатыны белгілі.
Білім • 22 Қараша, 2017
Кітапханаға жиі келетін оқушы озық болады
ХХІ ғасыр – руханият, мәдениет һәм ақпарат ғасыры.
Білім • 22 Қараша, 2017
Ата-аналар қауымдастығы мектептегі оқу жүктемесін азайтуды ұсынды
Қазақстанның ата-аналар қауымдастығы денешынықтыру, информатика, өнертану және Қазақстан тарихы бойынша мектептердегі пәндік сағаттардың санын қысқартуды, сондай-ақ педагогикалық жұмыс нормасын 18-ден 16 сағатқа дейін төмендетуді ұсынды. Соның нәтижесінде балаларға түсетін оқу жүктемесі азайып, ал мұғалімдер жалақысы сол қалпында сақталмақ. Ата-аналар қауымдастығы өз жобасын талқылау үшін Астанада бас қосты.
Медицина • 22 Қараша, 2017
Білім саласындағы сыбайлас жемқорлық – болашағымызға жасалған зұлымдық
Сыбайлас жемқорлыққа анықтама берудің қажеті жоқ шығар. Мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келемін. Өмірлік тәжірибемде көзім жеткені бұл – үлкен індет. Әрбір саналы азамат болашақ ұрпағының қамын ойласа, қатерлі дертпен батыл күресуі керек. Осы ретте «Бұл індетті жоюға не кедергі?» деген сауал туындайды. Қоғам өзгерді, нарық өмірімізге дендей енді. Ақша, дүние-мүлік басты құндылыққа айналды. Бұл жерде ұлы Абайға жүгінбесек болмайтын секілді. Данышпан өзінің жетінші қара сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі ішсем, жесем деп, екіншісі көрсем, білсем деп туады» дейді. Мемлекеттік қызметте де әуелі адамның табиғи мінезіне, қарым-қабілетіне назар аударуға көңіл бөлінуі керек деп ойлаймын. Мемлекеттік қызметші қанағатшыл болуы керек. Ал егер де «мен бай болғым келеді» деген дүдәмал ойы болса, бизнес саласына бет бұрып немесе өзінің кәсібін ашқаны дұрыс.
Шыршалар тек мәдени-бұқаралық шараларға заң аясында беріледі
Жаңа жыл жақындап келеді. Жақындаған сайын бір күндік қызық үшін жүз жылдық шыршаларды заңсыз қиып, сатушылар қатарының көбейе түсетіні де белгілі. Осы ретте өңірдің орман шаруашылығы қызметкерлері аймақтағы шыршаларды, оның ішінде жас өскіндерді өз бақылауларына алды.