Мәселе • 24 Қараша, 2023
Жасөспірімдердің жай-күйі алаңдатады
Балалардың қалыптасуында қоршаған ортасының әсері айрықша. Әсіресе мектептегі кезең оқушыға қызық та күрделі. Дәл осы шақта балалар психологиялық тұрғыдан кедергілерге ұшырайды. Оқушы кемінде 5-6 сағатын мектепте өткізетіндіктен, мекеменің балалардың өміріне бейжай қарамауы, психологиялық көмек көрсетуді жүйелеуі қажет-ақ.
Аймақтар • 24 Қараша, 2023
Тарихы мыңжылдықтарға ұласқан Тараз қаласында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Болашақта көне шаһардың аумағы ұлғайып, облыс орталығына маңайдағы аудандардан бірнеше елді мекен мен саяжай қосылатыны белгілі болды. Бұл өз кезегінде қаланың экономикалық әлеуетін арттыратын жаңа бастамаларға себепші болатыны анық.
Кітапхана • 24 Қараша, 2023
Кітапханашылар мұңын еститін жан бар ма?
Есік қаласының көркем табиғатына көз тоймасы анық. Шыңдары көк тіреген асқақ Алатаудың саф ауасы жансарайды сергітіп, сылдырап аққан тау өзені қиялға қанат бітіреді. Табиғаты тамылжыған өлкеде академик Әбдуәли Қайдар, сыршыл ақын Тұманбай Молдағалиев, көрнекті қаламгерлер Шәрбану Құмарова, Марат Тоқашбаев, Марат Ысқақов, Сағадат Сәлімбаев, ұста Дәркембай Шоқпарұлы, режиссер Талғат Теменов, одан бұрынғы жылдары суретші Айша Ғалымбаева, композитор Құддыс Қожамияров, тізбелей берсек Тұрлығазы Шаяхметұлы, Ахметжан Аширов, Хизмет Абдуллин сынды тұлғалардың кіндігі кесілген.
Мектеп • 24 Қараша, 2023
Қазталов ауданы орталығында су жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Тарихы 150 жылдан асатын Алма Оразбаева атындағы мектеп оқушылары самаладай жарық та кең білім ұясына қадам басты.
Кәсіпкер • 24 Қараша, 2023
Нарықтың талабымен шағын және орта кәсіпкерлікке бет бұрғандар аз емес. Өйткені мемлекет тарапынан бұл саланың кең қанат жаюына барынша қолдау көрсетіліп келеді. Алайда жергілікті атқарушы органдар әлі де кәсіпкерлерге кедергі келтіруін доғармай отыр.