Руханият • 25 Қараша, 2020
Ойға алған мақсат-мұратымыз орындалмай, сәті түспей қалған шақтарда өзімізді ақтап алуға тырысып, өмірге нала артатын кездер болады. Бірақ бұл өз қателігінен сабақ ала отырып, тек алға алға ұмтылып тұратын қайсар жандарға қатысты емес. Жас өнертапқыш Фараби Самаликовтің де талабы таудай, мақсаты өршіл.
Жеңіл атлетика • 25 Қараша, 2020
Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында АҚШ-тың Даллас аймағындағы Бэйлор университетінің стадионында студенттердің кезекті жаттығулары өтіп жатты. Жеңіл атлеттердің бірі алаң жиегінде өз бетінше жаттығып, енді бірі алты жолақты жүгіру жолында бір-бірімен жарысып жүрсе, енді бірі бапкердің нұсқауларын тыңдап тұр. Күнделікті жаттығудағы әдеткі жағдай. Бір кезде ауа райы кілт бұзылып, аспаннан нөсер жауын құйды да кетті. Бәрі оқу ғимараттарының ішіне қарай жүгіріп кірді. Бір кезде бапкер барлық оқушылардың терезеге телміріп қарап тұрғанын байқады. Барып қараса, бір студент ештеңе болмағандай, жауын астында жаттықтырушының берген тапсырмасын орындап, жаттығуын жалғастырып жүр екен. Бұл болашақта аты алты құрлыққа кеткен атақты желаяқ Майкл Джонсон еді.
Қоғам • 25 Қараша, 2020
Азаматтық қоғамды дамыту – басым бағыт
Азаматтық қоғам өкілдерінің басын қосу мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын Азаматтық форумының тоғызыншы отырысы болып жатыр. Биылғы жиын әлемдегі ахуалға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды. Министрлер, қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйым өкілдері бес күн бойы бүгіннің өзекті мәселелерін талқыламақ.
Саясат • 25 Қараша, 2020
Бизнестің жағдайын жақсарту шаралары қарастырылды
Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Атамекен» ҰКП және мемлекеттік органдар өкілдері қатысқан кездесулер легі жалғасты, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Үкімет • 25 Қараша, 2020
Өркениетті тұрмыс өлшемі (Үкімет елді мекендерді газдандыру мәселесін қарады)
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді газдандыру мәселелері және өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол карталарын іске асыру барысы қаралды.