Аймақтар • 22 Қараша, 2017
Алматыда «Ән салсаң, Әсеттей сал..!» музыкалық қойылымы сахналанды
Даланың рухын, бабаның ғұрпын іздесеңіз ең алдымен қаймағы бұзылмаған дәстүрлі өнерімізден табасыз. Рухани тәрбие мен салт-санамыздың алтын діңгегі саналатын бұл өнер тарих төріндегі талай тұлғаларды түлетті. Олардың тағылымын ұрпаққа үлгі етіп табыстау – тарих алдындағы міндетіміз. Осы ретте, Әсет Найманбайұлының 150 жылдығына орай Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Ән салсаң, Әсеттей сал..!» атты музыкалық қойылым өтті. Дәстүрлі өнерімізді дәріптеген мерейлі шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында іске асып отыр.
Кино • 22 Қараша, 2017
Астанада «Балет. Бекзада өнер бесігі» фильмі таныстырылды
Орталық коммуникациялар қызметінде «Qazaqstan» телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілген «Балет. Бекзада өнер бесігі» деректі фильмінің таныстыру рәсімі өтті. Шараға «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директоры Асқар Әшімов, фильмнің авторы және продюсері Динара Сәтжан және Қазақ ұлттық хореография академиясының өкілдері қатысты.
Қазақстан • 22 Қараша, 2017
Қазақстан VI халықаралық мәдени форумға қатысты
Жуырда Ресейдің Санкт-Петербург қаласында VI халықаралық мәдени форум өтті. Жиынға ТМД, Еуропа, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінен халықаралық ұйымдардың, ірі мәдениет мекемелерінің басшылары, көрнекті қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының өкілдері қатысты. Ауқымды жиында еліміз «қонақ дәрежесіндегі ел» ретінде Эрмитаждың бас штабы алаңында баспасөз мәслихатын өткізді.
Өзі өлсе де орны үңірейе білініп, өнегесі ұмытылмай – талғам-танымына жүгіндірмей қоймайтынның арқасында есімі әрдайым аталып, әруағы санада әрқашан жаңғырып тұратын тұлғалар сирек, сирек те болса барына шүкіршілік етудің өзі біле-білген адамға бір ғанибет екен.