Аймақтар • 25 Қараша, 2019
Орталық Азияның зиярат-туризм қақпасына айналады
Осыдан бірер ай бұрын бауырлас өзбек елінің Алматыда тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус өкілдігі журналистердің басын қосқан әдемі жиын Алматыдағы дипломатиялық консулдықтың жаңа ғимаратында өтті.
Экономика • 25 Қараша, 2019
«Сарыарқа» газ құбыры биылғы 31 желтоқсанда пайдалануға беріледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында Энергетика министрлігінің алдына қойылған міндеттерінің бірі – елорданы, еліміздің солтүстік және орталық өңірлерін газдандыру мақсатында «Сарыарқа» магистралды газ құбырын салудың бірінші кезеңін уақтылы аяқтау болды.
Технология • 25 Қараша, 2019
Қойды компьютермен бағады – Түркістандық шопандар мал жаюдың жаңа тәсіліне көшті
Сонау ықылым заманнан бері төрт түлік мал бағып, одан несібе тауып келеміз. Үйірдегі жылқы, табындағы қара мал мен түйе, отардағы қой байлық көзі саналады. Рас, мал бағу – мехнаты көп кәсіп. Соңғы кезде «Мал жайылымы тарылып барады. Жем-шөп дайындау да оңай шаруа емес. Қара малға күтім жасайтын бақташы, сиыр сауатын сауыншы, қой бағатын қойшы табылмайды» деген пікірлерді жиі естіп те жүрміз. Жастар бұл салаға барудан неге қашқақтайды? Ауылдағы ағайынның жанкешті жұмысын жеңілдететін қандай жағдай бар? Бұл ретте ғалымдар мал баққан шаруаларға қандай көмек бере алады? Бергенде қандай?! IT технология арқылы «ақылды ферма» ауылға келді. Сонымен, сиырды робот сауатын болды. Қойшылар енді уақ малды компьютермен бағады десе, нанасыз ба?
Аймақтар • 25 Қараша, 2019
Жеткіншектерді отансүйгіштікке жетелейді
Орал қаласында «Қосымша білім беру жағдайында балалар-жасөспірімдер туризмін іске асырудағы кластерлік тәсіл» атты халықаралық форум өтуде.
Әлем • 25 Қараша, 2019
Варшавада Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
Бүгінде туризмнің тек экономикалық тұрғыдан ғана өлшенбейтіндігі белгілі. Сонымен қатар туризм – кез келген мемлекеттің тарихынан, салт-дәстүрі мен мәдениетінен кешенді ақпарат беретін сала. Және жыл өткен сайын халықаралық туризм жаңа трендтерді негізге ала ұдайы даму үстінде. Осы орайда, отандық туризм саласының аталған өзгерістерден шет қалмастан, заман талабына сай дамуы, жоғары деңгейде қызмет көрсетуі өте қажет.