Өнер • 24 Қараша, 2021
Оның жүрегінде мұхит ұйықтап жатқандай. Оның кеудесінде теңіз тербеліп тұрғандай. Оның маңдайына құс ұя салғандай. Оның қарашығына гүл өніп шыққандай. Оның алақанына ай сәжде еткендей. Оның иығына тау сүйенгендей. Оның жаулығына күн жасырынғандай. Әлемнің қай бұрышынан қарасаңызда одан биік шың, одан сұлу жан жоқ. Ол – мейірім музыкасы. Ол – ана.
Қаржы • 24 Қараша, 2021
Салық – елді өркендетудің маңызды бөлшегі. Салық түсімдерінің есебінен мемлекет қазынасы толығып, бюджет жоспарланады. Бұл саланың да өз даму тарихы бар. Тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесінің қалыптасқанына да биыл 30 жыл толып отыр. Оның негізі 1991 жылдың соңында қабылданған 16 жалпы мемлекеттік, 10 міндетті және 17 жергілікті салықты көздейтін заңдармен қаланды.
Қазақстан • 24 Қараша, 2021
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында: «Біздің еңбек нарығымызға көші-қон үдерісі де зор ықпал етеді. Қазақстан – еңбек мигранттарын қабылдау жағынан ТМД елдері ішінде екінші орында. Бұл саладағы проблемаларды дұрыс шешуіміз керек. Үкімет Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге тиіс. Онда шетелдерде жұмыс істеп жүрген өз азаматтарымыздың құқықтарын қорғау тәсілдері де көрініс тапқаны жөн», деген еді.
Аймақтар • 24 Қараша, 2021
Көтерем мал қыстан аман шықса игі
Сырдағы биылғы қуаңшылықтың үлкен сынағы алда тұр. Өткен қыс қарсыз болып, көктемде де көктен мардымды ештеңе тамбағаны малды ағайынның арқасына аяздай батқан мәселеге айналған. Әсіресе, Арал ауданында ылғалдың жоқтығынан жерге қылтанақ та шықпай қалып, біраз мал шығын болды. Біраз түлік тартылған көлдің жағалауындағы ұйыққа батып өлді. Осыдан кейін ауданда төтенше жағдай жарияланып, мал азығын дайындау, жеткізу жұмыстарын үйлестіретін облыстық және аудандық штабтар құрылды.
Аймақтар • 24 Қараша, 2021
Қарағанды кеншілерінің еңбекақысы көтерілетін болды
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңқайында өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек «Абай» шахтасында болған төтенше оқиға бойынша құрылған келісім комиссиясы жұмысының қорытындысын баяндады, деп жазады Egemen.kz.