Спорт • 22 Қараша, 2023
АҚШ-тың Техас штатына қарасты Даллас қаласында ушудан ерлер мен әйелдер арасындағы ХVI әлем чемпионаты аяқталды. Бұл бәсекелерде 80 мемлекеттен келген 800-ден аса спортшы бақ сынады.
Көрме • 22 Қараша, 2023
Ұзынағаш ауылында орналасқан «Қамқорлық оңалту» орталығына еліміздің әр түкпірінен денсаулығында кінәраты бар балалар келіп, ем-шара қабылдайды. Олардың әрбірімен жеке-дара және топтар бойынша мамандар оңалту жұмыстарын жүргізеді. Емделуші балалардың таным көкжиегін кеңейтіп, көңілін серпілтуді мақсат еткен Сүйінбай Аронұлы әдеби-мемориалды музейінің қызметкерлері жуырда көшпелі көрме ұйымдастырды. Онда емделуші балалар ақиық ақын Сүйінбай аталарының мол мұраларымен танысты.
Өнер • 22 Қараша, 2023
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кеңес Жұмабеков 75 жасын сахна төрінде қарсы алды. Сәкен театрында белорус драматургі Алексей Дудараевтың «Кеш» қойылымын сахналады.
Ұлттық спорт • 22 Қараша, 2023
Өскеменде Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада ұлттық ойындар заман талабына сай цифрлық әдіспен түсіндіріліп, насихатталып жатыр.
Оқиға • 22 Қараша, 2023
«Қазақмыс» зауытында жұмысшы қаза тапты
«Қазақмыс» компаниясының Жезқазғандағы №2 өңдеу зауытында конвейер машинисі қаза тапты, деп хабарлады Egemen.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.