Қоғам • 20 Желтоқсан, 2022
Кейінгі күндері туристік қоғамдастықты алаңдатқан тағы бір шетін мәселе шықты. Пандемиядан кейін әлі аяққа тұрып үлгермегенін жеткізген Алматының туристік қоғамдастығы «Bed tax» төлеміне разы емес.
Қаржы • 20 Желтоқсан, 2022
Ұлттық экономика және базалық мөлшерлеменің өзгеруі
Кейінгі бірнеше ай бойы базалық мөлшерлеменің инфляциямен күресте негізгі құралға айналғаны белгілі. Ұлттық банктің хабарлауынша, базалық пайыздық мөлшерлеменің өсуі кредитті қымбат етеді, ал халықтың несиені азырақ алуы түрлі тауарға деген сұранысты төмендетеді. Сөйтіп, инфляция баяулауға тиіс. Әзірге бұл амал өз жемісін беріп жатқан жоқ. Дегенмен Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өсіру саясатының ұзақмерзімді перспективада жемісті болатынын меңзейді.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2022
Кейінгі бес жылда Өскеменде мұндай қалың қар жаумаған. Бір метрге жуық түскен қардан аяқ алып жүру мұң болды. Көліктердің қозғалысы да қиындаған. Бүкіл қаладағы қарды тазарту үшін 86 техника мен 150-ден аса адам жұмылдырылған екен. Соның өзінде күреп үлгермей жатыр.
Үкімет • 20 Желтоқсан, 2022
Үш жылда – 655 медициналық нысан
Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте ауылдық елді мекендерді медициналық объектілермен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Спорт • 20 Желтоқсан, 2022
Қыздар жаһандық додаға жолдама алды
Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында гандболдан әйелдер арасында Азия чемпионаты мәресіне жетті. Сары құрлықтың ең үздік 10 командасы сынға түскен бәсекеде Қазақстанның бойжеткендері бесінші орынға ие болды. Сонымен қатар осы Азия чемпионатында қыздарымыз келесі жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алып, алға қойған басты мақсатына қол жеткізді.