Байқау • 14 Желтоқсан, 2023
Ұрпақ тәрбиесі – таусылмайтын тақырып. Күнделікті күйбең тіршіліктен де баланың үйренері көп. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналықтың түп-төркіні осы ойымызды айқындай түсері анық.
Тағзым • 14 Желтоқсан, 2023
Телевизияда өзекті әлеуметтік мәселелерді көтеріп, елдің жүрегінде қалған журналист Бейсен Құранбектің еңбегі ұмытылмайды. Жыл сайын Жетісу жері аяулы перзентін еске алып, түрлі іс-шара ұйымдастырып келеді. Соның бірі – шағын футболдан БАҚ өкілдері арасындағы республикалық турнир. Биыл үшінші рет өткен доп додасы жылдағыдай тартысты болды.
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2023
Газа секторынан Қазақстанның барлық азаматы эвакуацияланды - Сыртқы істер министрі
ҚазАқпарат тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Газа секторынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялаудың қалай өткені туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Пікір • 14 Желтоқсан, 2023
Қазiр дүниеде болып жатқан қылмыс атаулының негiзi – iшiмдiк пен есірткіден. Статистика: «Абақтыдағылардың 60-70 пайызы түрлі ішімдік пайдаланудың кесірінен жаза жүктегендер» дейді. Оның сыртында дамыған медицина iшiмдiктiң бұдан да басқа зияндылығын ғылыми негiзде дәлелдеуде. Осылардың ішінде ең қатерлісі – алкогольдік сусындар ер мен әйел бойындағы ұрық клеткаларын зақымдайтындығы.
Тарих • 14 Желтоқсан, 2023
Кенесарының күрескерлік қасиеті
Абылай хан мен Анна Иоанновна арасында «Орысия қазақ хандығы шекарасынан аттап енбейді, қазақтан солдат алмайды» деген келісім бар еді. Қазақ жұрты тек салық төлеу жөнінде міндеттенген. Уәли ханның тұсында осы келісім қасақана бұзылып, ақ патша әскері қазақ даласына дендей еніп, бекіністер сала бастады. Бір кездегі емін-еркін жайлаған өзен-көлдер мен жайылымдарға енді казак-орыстар ұлықсатсыз аттап бастырмады. Тіпті қазақтар тұз алып жүрген қайраңдарға да бара алмай қалды. Осыған шамданған Қасым сұлтан бауыры Уәли ханға арыз айта келді. «Әкеміз Абылай ұшы-қиыры жоқ ұлан-байтақ даланы жайлаған қазағымның басын қосып, іргелі ел етіп еді. Ел – жермен ел, жерден айырылу – елдіктен айырылу» деген уәжіне ағасының дәрменсіздігін көрді.