28 жастағы «ГАЗель» жүргізушісі ауылға қарай келе жатқанда қарсы жолға шығып кетіп, жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан.
«Оқиға салдарынан екі көліктің жүргізушісі, фельдшер және 73 жастағы науқас зардап шекті. Жарақат алғандардың барлығы Астана қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.
Тәртіп сақшылары «Көлiк құралын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзу» бабы бойынша тергеу амалдарын бастап, сараптама тағайындады.