Үкімет • 11 Желтоқсан, 2023
Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар басшылары және дипломатиялық корпус пен жеке бизнес өкілдерінің қатысуымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді.
Спорт • 11 Желтоқсан, 2023
Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев паралимпиадалық осы спорт түрінен алғаш рет өткізілген Қазақстан Кубогі жолындағы жарыстың ашылу рәсіміне қатысты. Сайыста еліміздің 10 өңірінен келген 11-14 жас аралығындағы 64 жасөспірім бақ сынады. Олардың қатарында дебютанттар да бар екенін атап өткен жөн.
Экономика • 11 Желтоқсан, 2023
«Самұрық-Қазына» жобалары тиімді жүзеге асып келеді
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Қоғамдық кеңесі инвестициялық жобалардың мониторингін талқылады. Жиында инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу тәртібі туралы сөз болып, Қордың мониторингке қатысты тәсілдері қаралды. Бүгінде Қордың тұрақты мониторингіне жататын ірі инвестициялық жобалар портфелінде мұнай-газ, мұнай-химия, энергетика, көлік-логистика және басқа да салалардағы 42 жоба бар. Олардың жалпы құны шамамен 24 трлн теңгеге бағаланып отыр.
Экономика • 11 Желтоқсан, 2023
Инвестиция тарту – басым бағыт
Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов баспасөз конференциясын өткізді. Ол өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Сондай-ақ қоғамда туындаған мәселелер бойынша журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Энергетика • 11 Желтоқсан, 2023
Қытайдың атом энергетикасы немесе қисапсыз қуатты қайнар көзге айналдырған ел
Адамзаттың асыл арманына айналған арзан энергия қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Оны алудың оңтайлы жолын іздеп, оңай тәсілін тапқандар бүгінде бәрінен оқ бойы озық тұр. Расында аста-төк қуат алудың қай амалын қамдамадық десеңізші? Оттан да, судан да, күннен де, желден де, тіпті жер астына жасырынған қазба байлықтарын да қопарудан тайынбадық. Тіршілігі түгел соған тәуелді болған соң тартыншақтаудың да ретін таппайды екенсің...