Сенат • 08 Желтоқсан, 2023
Экожүйе мен балалар қауіпсіздігі алаңдатады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарады және депутаттық сауалдарын жолдады. Мақұлданған құжаттардың қатарында «Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заң бар.
Халық • 08 Желтоқсан, 2023
Жетісу жерінде елуден астам этнос өкілі тұрады. Дарқан қазақ даласына бауыр басқан қауым Шу мен Таластың ортасын атамекені санап кеткені қашан? Себебі көңілі жеті өзеніндей асып-тасып жатқан ағайын тілі мен ділі бөлек ұлыстармен бір атаның балаларындай күн кешіп келеді. Содан-ау жанға жайлы жазиралы атырап ғасыр аунаса да киелі достықтың алтын бесігінен айныған емес.
Құқық • 08 Желтоқсан, 2023
Адам құқы және қоғамдағы әділеттілік
Елордада «Адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық нормаларды ұлттық заңнамаға имплементациялау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. Екі күнге созылатын жиында адам құқығын қорғау саласында ақсап тұрған заң нормаларын жетілдіру мәселесі жан-жақты талқыланады.
Өндіріс • 08 Желтоқсан, 2023
Сүт нарығын зерттеу орталығының дерегіне қарағанда, елімізде жылына 6,3 млн тонна сүт өндіріледі екен. Дегенмен бұл көрсеткіш елдегі сұранысты толық қамтамасыз ете алмай отыр. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде сүтке деген тапшылық жылына 2,2 млн тоннаны құрайды.
Экономика • 08 Желтоқсан, 2023
Кооперация тиімділігі неге төмендеді?
Былтыр еліміздің ауыл шаруашылығы кооперативтері 390 млрд теңгеге 47,4 мың тонна өнім өндірген. Салық кодексінде олар үшін барлық салық бойынша 70% жеңілдік көрсетілетін арнайы режім де қарастырылған. Кооперативтерге өндірісті өрістету үшін «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары арқылы несие де беріледі. Соған қарамастан кооперативтер қызметінің тиімділігі әлі күнге төмен болып отыр.